Қос анаға «Күміс алқа» төсбелгісі тапсырылды

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

 

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Әуезов ауданының әкімі Алтай Рақымбетов Алматы көпсалалы колледжінде ау­данның қыз-келіншек­терін мерекемен құттық­тады. 

 

– Әйелдер – әлемге мейірім мен жаңа өмір сыйлаушы нәзік жандар. Әр шаңырақтың шатты­ғын жарастырып отырған аяу­лыларға зор құрмет көрсету қай ұрпақтың да перзенттік парызы болып қала бермек. Табиғат- ананың жаңарып, мейірім шуағын ала келетін көктемнің алғашқы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Сіздер өмірге тек ізгілік пен жылылық, мейірім мен шуақ сыйлаушы жандар деген ғана емес, тіршілік атаулының ең асыл қазынасы деген атаққа лайық­сыздар, – деп ауданның әлеу­меттік-экономикалық дам­уына үлес қосып жүрген аза­мат­шаларды мақтау қағаз­дарымен марапаттады. Содан соң көп­балалы екі анаға «Күміс алқа» төсбелгісін тапсырды.

Шара соңы мерекелік кон­цертке ұласты. Қыз-келін­шек­терге арналып ән шырқалып, би биленді. Барлық аруларға гүл шоқтары мен сыйлықтар берілді.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close