Орталықта ашылған «Қызғалдақ»

Алматы қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары орталықта қызмет істейтін қыз-келіншектерге ерекше сыйлық жасап, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Қызғалдақ» қыз-келіншектер клубының тұсауын кесті. «Қызғал­дақтың» тұсаукесеріне арналған мере­келік іс-шараға белгілі әнші, Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайрат­кері Гүлмира Ақүрпекова, биші Шұғыла Сапарға­лиқызы, «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің төрайы­мы, «Әдет-ғұрып салт-дәстүр» акаде­миясының академигі, белгілі этнограф Ғалия Аюп, «Бағзор» сұлулық салоны­ның дирек­торы Бағзор Шотай­бекқызы, заң ғылымдары­ның канди­даты, полиция подполковнигі, екі мәрте милиция үздігі, ҚР ішкі істер саласының еңбек сіңірген ардагері Жамал Бай­мұханбетова, ақын Ләззат Игісін, кәсіпкер Жаңыл Құрмановалар қаты­сып, өз еңбек жолдарындағы жетістік­терімен, әйел, отбасылық бақыт төңірегіндегі ойларымен бөлісті.

Іс-шара барысында Гүлмира Ақүр­пекова ән салып, ақын Ләззат Игісін жырларын оқып, мерекелік басқосуға жиналғандарға көктемгі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, жемістер мен көкөністерден әртүрлі бұйымдар жасаудың шебері Айдын Молдахметұлы мерекелік дастарханды безендіру, «Бағзор» сұлулық салонының косме­тологтары қыз-келіншектерге көктем маусымындағы бет күтімі, көктемгі макияж жөнінде шеберлік сынын өткізді. «Қызғалдақ» клубының тұсаукесеріне арналған мәдени іс-шараға қатысушылар осындай бас қосатын отау құруға қолдау көрсеткен орталық басшы­ларына, клуб жетекшісі Жаңыл Әпетоваға алғыстарын білдірді.

Бұдан былай Жамал Теміржанқызы қолдаған Жаңыл қоштаған «Қызғал­дақ» қыз-келіншектер клубы – орта­лықта қызмет істейтін қыз-келіншек­теріміздің өзара сыр бөлісетін, ди­дарласып, әртүрлі тақырыпта өз ой­ларын ортаға салар тағылым мен тәрбие, үлгі мен өнеге отауына айналмақ.

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *