ОРТАЛЫҚ СУМЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛУ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

Мәншүк БЕКБОСЫН

Мегаполисте нысанды орталық сумен қамту және кәріз жүйесіне қосу жұмыстары әлдеқайда жеңілдетіліп, құжаттар тізімі де біршама қысқар­тылды. Біріншіден, «Алматы Су» меке­месінің тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарында құжат қабылдау терезелері көбейді. Бұл –  тұтынушы­ның кезек күту уақытын қысқартты. Бүгінде аталған мекеменің қала бойын­ша төрт қызмет көр­сету орталығы жұмыс істейді. Екінші­ден, сумен қамтамасыз ететін «Бастау» МҚК және кәріз жүйесіне жауапты «Тоспа Су» МҚК-мен келісім-шартқа отырған тұтынушылар «Алматы Су» МҚК-мен қайта шарт жасасудың қажеті жоқ. Бұл тұтынушылармен тек қосымша келісім-шартқа қол қойылады. Үшіншіден,   сумен қамту және суды бұру қызмет­теріне келісімшартқа отыру құжаттары барынша оңтайландырылды. Сонымен қатар, иесінің ауысуына байла­нысты қайта келісімшартқа отыру, не болмаса баспананы коммерциялық бағытта пайдалану және тағы басқа жағдайлар орын алғанда құжат рәсімдеу барынша жеңілдетілді.

Жеке тұрғын үй құрылысының (ЖТҮҚ) сумен қамту және суды бұру қызметтеріне келісімшартқа отыру/ қайта келісімшартқа отыру үшін қажет­ті  құжаттардың тізімі:

  1. Жеке куәлік;
  2. Құқық белгілеуші құжаттар:
  • Сатып алу/сату, мұрагерлік, ауысу және т.б. туралы шарт;
  • Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық пен оның техникалық сипатта­масы туралы анықтама (ХҚКО-дан алынады);
  • Жер учаскесіне жекеменшік құқығы актісінің болуы;
  1. Мекен-жай анықтамалығы (ХҚКО-дан алынады).

Ескеретін жәйт:

Сумен қамту және суды бұру қыз­меттеріне қосылу үшін жүйе иелерінің рұқсаты (ПИК, тұтынушы кооператив, жеке қожалық) қажет. Мәселен:

–       Орталық жүйеге қосылған жағ­дай­да – сумен қамту және суды бұру мен кәріз жүйесіне қосылуды растай­тын төлем туралы шарт пен құжаттың көшірмесі; қосылуды растайтын шарт және оның төленгендігін растайтын құжат;

–       Ведомстволық жүйеге қосылған жағдайда – жүйе иелерінің рұқсаты.

Нысанды қайта қосуға ниеттенген ЖТҮҚ үшін:

–       Сумен қамту және суды бұру қызметтерінің техникалық шарттары;

– Лицензиялы мекемеден жеке­меншік есептеу құралының монтаждау актісін, техникалық паспортын алу керек.

«Алматы Су» МҚК тұтынушыларға қызмет кӨрсету орталықтарының мекен-жайлары:

«Орталық» кеңсе

(Бостандық, Медеу, Алмалы аудан­дарына қарасты тұтынушыларға қызмет көрсетеді).

Жароков көшесі, 196, 1-қабат.

Жұмыс кестесі:

Жұмыс күндері 8.00-ден 19.00-ге дейін;

Сенбі күні: 9.00-ден 14.00-ге дейін.

Үзіліссіз.

Телефондары: 3-777-444.

Заңды тұлғалармен келісімге отыру бөлімі: 227-60-82.

Жеке тұлғалармен келісімге отыру бөлімі: 227-60-63.

 

«Батыс» қызмет көрсету орталығы

(Әуезов пен Наурызбай аудандарының тұтынушыларына қызмет көрсетеді).

«Жетісу-3» ықш., 37 үй.

Жұмыс кестесі:

Жұмыс күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін;

Сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Үзіліссіз.

Телефондары:

Заңды тұлғалармен келісімге отыру бөлімі: 376-84-02.

Жеке тұлғалармен келісімге отыру бөлімі: 376-84-25.

 

«Шығыс» қызмет көрсету орталығы

(Жетісу мен Түрксіб аудандарының тұтынушыларына қызмет көрсетеді).

Ботанический көшесі, 29 А (Сей­фул­лин – Дегтярев көш. қиылысы, «Север» ательесінің артында).

Жұмыс кестесі:

Жұмыс күндері:  9.00-ден 18.00-ге дейін;

Сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Телефондары: факс 234-32-96.

Заңды тұлғалармен келісімге отыру бөлімі: 234-32-92.

Жеке тұлғалармен келісімге отыру бөлімі: 234-32-93.

 

«Алатау» қызмет көрсету орталығы

(Алатау ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді).

Чуланов көшесі, 109 (Рысқұлов даңғылы, Б.Момышұлы көш. қиылысы)

Телефондары: 398-89-26 (33), факс: 398-89-26.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *