Наурызбай көшелері ЖАП-ЖАРЫҚ

Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Наурызбай ауданының әкімі Тоғай Санжар Әділұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Онда аталған ауданның тыныс-тіршілігі, әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды. Шаһардың оңтүстік батыс бетінде орна­ласқан Наурызбай ауданы 2014 жылдың шілдесінде құрылған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі ақпаратқа сәйкес, тұрғындар саны – 125 440.

Ауданның салық түсімдері төрт жыл ішінде 391 млн. (2014 жылы) теңгеден 6,4 млрд. теңгеге  (2017 жыл) дейін өскен. Ал ағымдағы жылғы 10 ай бойынша салық түсімдерінің сомасы 6,3 млрд. теңгені құрап, өсу қарқыны 124%-ды көрсеткен.

Жыл басынан бері жаңадан 15 937 салық төлеуші субъект тіркелген: жеке тұлға – 14 383, заңды тұлға – 469, жеке кәсіпкер – 1 085.

Наурызбай ауданында 21 шағын өнер­кәсіп кәсіпорны жұмыс істейді. Аудан­ның өнеркәсіп өндірісінің негізгі бағыты бетон өнімдерін, құрылыс материалдарын және ағаш өнімдерін өндіру болып табылады.

Аудан құрылғаннан бері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 7 есеге өсіп, 1 238-ге жетті, 3 376 жаңа жұмыс орны ашылған.

Наурызбай ауданының тұрғындары сумен 50% қамтамасыз етілген (30%-ы қала­лық жүйе, 20%-ы жеке су ұңғыма­лары). Қалған 50%-ы Ақсай және Қарғалы өзендеріндегі ашық су тоғандарынан пайда­ланып отыр.

Аудандағы су құбырының жалпы ұзын­дығы 356 шақырым (оның 246 шақырымы – орталық желілер, 110 шақырымы – тара­тушы желілер; кәріз құбырының ұзындығы – 114 шақырым). Бұл аталған желілер 50 жылдан астам уақыт пайдаланылып келгендіктен қазіргі уақытта тозығы жеткен (60-80%). Сондықтан жеткізіліп отырған су сапасы өте төмен.

«Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде Алматы қалалық Энергетика және комму­налдық шаруашылық басқармасы­ның тапсырысымен Қалқаман – 1, 2, 3 және «Алты алаш» шағынаудандарын сумен және кәріз құбырымен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 123 шақырым су және 80 шақырым кәріз құбырының құрылысы жүргізілді.

Су жетіспеушілігі орын алған мерзімде аудан әкімі аппараты «Алматы су» МКК-мен бірлесе отырып, арнайы су тасығыш көліктер арқылы су жеткізу жұмыстарын ұйымдастырады.

Ағымдағы жылы жаз маусымында «Ақжар» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында Д-80 мм. ұзындығы 1,2 шақы­рым «Таусамалы» шағынауданы Жан­досов көшесі арқылы уақытша су құбыры жүргізілді.

Электр желілерінің тозу көрсеткіші бүгінгі күнде 60-70%-ды құрайды. Аудан аума­ғында 512 трансформатор қондыр­ғысы бар, электр желілерінің жалпы ұзын­дығы 678,2 шақырым.

Электр желілерінің таратылу сапасын жақсартуда бюджет есебінен «Ақжар» стан­циясы құрылысының екі кезеңі аяқталды. Бұл станцияның құрылысы алдағы уақытта Наурызбай ауданын, сонымен қатар, Бостандық және Әуезов аудандарын электрмен қамтамасыз ететін болады.

Аудан аумағында жалпы ұзындығы 288,9 шақырым құрайтын 348 көше бар. Аудан құрылған уақыттан бері жалпы ұзындығы 144,3 шақырым құрайтын 211 көшеге асфальт жабындысы төселді, соның ішінде ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 32,7 шақырымды құрайтын 41 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Төрт жыл ішінде 42 көшеде 54,2 шақы­рымды құрайтын сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы жүргізілді (1723 жарық көше бойында және 375 шам аула аумағында).

Соңғы төрт жылда жалпы ұзындығы 70,864 шақырымды құрайтын       70 көшеде жаяу жүргінші жолдары салынды. 2018 жылы 15,671 шақырым болатын жаяу жүр­гінші жолдары салынды, ал келесі жылы 14 шақырым жоспарлануда. Аудан аумағы жаяу жүргіншілер жолдарымен 20,1% қамтылған.

Аудан құрылған кезде арық жүйелері  19 шақырым құрайтын 24 көшеде ғана болса, қазіргі уақытта 52 көшеде жалпы ұзындығы 55,2 шақырымды құрайтын арық жүйелері бар, яғни төрт жыл ішінде 28 көшеде 36 шақырымды құрайтын жаңа арық жүйелерінің құрылысы жүргізілген.

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқар­масына арық жүйелерінің жаңа құрылы­сын қажет ететін 30 көшеге жалпы ұзын­дығы 28,8 шақырым құрайтын жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге тапсырыс жолданды.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы және бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі аясында 2015-2016 жылдары 28 аула аралық аумаққа көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы жұмыстар 17 аулаға жаса­лып, пайдалануға берілді. Дәл осындай жұмыстар ағымдағы жылы жалғасып, 6 аула көріктендірілді. Сонымен қатар, 2019 жылға 20 ауланы күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Аудандығы газ құбырының ұзындығы 662,4 шақырым құрайды, тұрғындардың  95%-ы газбен қамтамасыз етілген.

Аудандағы 186 көпқабатты тұрғын үй­лердің 73-і орталық жылу жүйесіне қосыл­ған тұрғындардың саны 13 635-тен асады, қалған 64 көпқабатты тұрғын үй авто­номды қазандықтар арқылы және 49 үй жеке электр пештері арқылы жылытылады.

Иә, Наурызбай ауданында тұрғын­дардың жайлы өмір сүруі үшін жағдайлар жасалған. Ертеңгі болашағымыз – бала­лардың ұлағатты тәрбие, саналы білім алуына да мүмкіндіктер мол. Мәселен, бүгінгі күні ауданда 3381 баланы қамтитын 64 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның 2-еуі мемлекеттік, ал 62-сі жекеменшік балабақша. Биыл 581 балаға арналған 14 жекеменшік балабақша ашылды және жылдың соңына дейін 6 ба­ла­бақша ашу жоспарда бар.

Ауданда 15 256 оқушыны қамтитын 15 мектеп бар. Оның 9-ы мемлекеттік (4-мектеп-гимназия, 4 ЖББМ, 1 мектеп- интернат).

Ауданда атқарылар істер әлі де жетер­лік, ол үшін нақты жоспар, бағыт та айқын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *