Мона Лизаның күлкісі қандай күлкі?..

немесе жүздеген жылдар бойы жер жүзін тамсандырып келе жатқан ғажайып  арудың ернін ерінбей зерттеудің нәтижесі туралы

Ғалымдардың дәлелдегеніндей, Леонар­до да Винчидің «Мона Лиза­сы» («Джо­конда») оны келіп көру­шілердің көңіл-күйіне байланысты күліп тұрғанын шынайы сезінуге болады екен.

Мона Лиза күліп тұр ма, мыс­қылдап тұр ма, жәй әншейін аузын жауып тұр ма?

Калифорния университетінің докторы Эрика Зигль әріптестерімен жасаған зерттеуінде, «бұл мәселеге тура жауап беру мүмкін емес. Өйт­кені, оны әркім өзінше қабылдайды» деген қорытындыға келген.

Ғалымдардың, өнертанушы­лар­дың пікірінше, оны Луврға көруге келгендердің эмоциялық көңіл-күйіне орай картинадағы әйел бетіндегі құбылыстар сан түрлі әсерге бөлеуі мүмкін. Көңілді, қуанышты, шабытты, бақытты көрерменге Мона Лиза міндетті түрде жымияды. Он­шақты адамға бірден тәжірибе жасап көрмек болған мамандар осындай шешімге келген. Ал енді көрермен­дердің екі тобына жүргізіл­ген зерт­теуде Мона Лиза бірде өте салқын­қанды, абыржулы, енді бірде өте көңілді, бақытты көрінген.

Мона Лизаның күлкісі қандай күлкі? Қасіретті ме, әлде қуанышты ма?

Әдетте Мона Лизаның күліп иә жымиып тұрғанына таласы жоқ адамдарды басқа жағдай да ойлан­дырады. Оларда шын мәнінде оның күлкісі қандай күлкі екенін түсінуге деген талпыныс басым. Қасіретті ме, қуанышты ма? Бұл соңғы бірнеше жүз жыл бойғы талас. Оның осы құпиясы ғасыр жұмбағындай болып келеді. Бұл жөнінде пікір әдетте екіге жарылады. Әуелде әйелдің күлкісі жасанды әрі айлалы күлкі деп санал­ған. Себебі, оны кейбір зерттеушілер мүлдем көңілің қимайтын жезөкшеге балайды. Егер оған қадала қарап тұрсаңыз, бірнеше минуттан кейін оның күлкісі қасіреттей көрінеді. Ал енді біреулер оны аянышты, ащы күлкі деп таныды. Бұл пікір одес­салық бұзақы  Мурканың картинаға жасалған қастандық әрекетінен соң күшейіп кетті.

Таяуда неміс психологтары да бұл жағдайға түсіндірме беруге тырысты. Олардың ойынша, Мона Лизаның күлкісі қалай болғанда да көңілді күлкі екен. Тіпті, өте көтеріңкі көңіл-күйге негізделген, салтанатты күлкі көрінеді. Қалай болғанда да одан қасірет іздеу негізсіз.

Тәжірибе жасаушылар картина­ның ерін тұсынан бір үзігін кесіп алған. Ерінді ерінбей зерттеді. Нәтижесінде күлкінің тоғыз түрін тапқан. Оның бірі нағыз Мона Лизаның бет-бейнесін айқындайды. Қысқасы, тәжірибеге қатысушы­лардың 97 пайызы портреттегі шын күлкі – көңілді күлкі екеніне бек сенімді.

Алайда, ең иланымды болжам мынаған келіп саяды. Леонардо да Винчи бұл картинаны 1503–1517 жылдар аралығында Лиза Джерар­дини дель Джокондаға арнап салған. Ол жібек сатушы атақты көпес Франческо дель Джоконданың әйелі болған. Демек, байлығы тасыған адамның күлкісінде қасірет кездесуі мүмкін бе?   Оған өлердей ғашық бол­ған көпес оның жүруін ғана тіле­ген шығар. Сондықтан оның күлкісі шын мәніндегі шаттыққа негізделген салтанатты күлкі екеніне шүбә бол­маса керек. Әрине, мұндай арудың тәкаппар, асау болатынына да ешкімнің дауы болмаса керек.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *