Метро құрылысы тоқтамайды

Соңғы уақытта Алматы метрополитен құрылысы төңірегінде аталған нысанның құрылысы тоқтатылуы мүмкін деген алыпқашпа әңгіме кең тараған еді.

Осыған байланысты «Алматыметроқұрылыс» АҚ «Сарыарқа» және «Достық» екі метростансасының құрылысын тоқтатпайтынын ресми түрде мәлімдейді.

Қазіргі уақытта метро құрылысы жұмыс кестесіне сәйкес жалғасуда. Сонымен қатар, «Алматыметроқұрылыс» АҚ келісім-шартқа сәйкес метро нысандарын салу бойынша өз міндеттемелерін толығымен орындайды.

 

«АЛМАТЫМЕТРОҚҰРЫЛЫС».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *