МЕШIТ МОЛДАЛАРЫ КӨШЕ АРАЛАП ЖҮР…

Қазақстанда 4249 дiни бiрлестiк тiркелген. Осының 2606-сы — ислам дiнiнiң ағымдары. Бұл тiркелген дiндердiң 70 пайызын құрайды. Алматыда дiни бiрлестiктердiң саны – 258-ге жетiп отыр. Бұлардан өзге алыс-жақын шет елдерден келген 6000-ға жуық қоғамдық дiни бiрлестiк өз жұмыстарын оңтүстiк астанада жүргiзiп отыр. 80-ге жуық жалған дiндi уағыздап жүрген миссионерлер тағы бар. Осы бiрлестiктердiң бәрi бiрдей иманды жұмыс жүргiзiп отыр ма? Әрине, жоқ. Бiздiң сөз етпегiмiз де осы мәселе. «Вайшнавтар», «Бахаи» сенiмi, «Бiрлестiк шiркеуi», «Иегова куәгерлерi», «Соңғы өсиет шiркеуi», «Кришнаны тану қоғамы», «Саентология» шiркеуi, «Мормондар», «Сахаджа йога», «Жаңа аспан», «Жаңа өмiр шiркеуi».., тағы да басқа бұрын-соңды құлақ естiп, көз көрмеген ағымдардардан аяқ алып жүру қиынға түсiп отыр. Олардың бiрқатары өз әрекеттерiн жасырыпжабуды қойып, кей жерлерде ашықтанашық жүргiзiп келедi. Атына заты сай келмейтiн көпшiлiк орындар көбейдi. Сыртында «Көлiк жуатын орын» деген жазу бар, iшiне кiрсең бар немесе кафе. Жол жиегiндегi небiр еңселi ғимараттарға «Шығыс жаннаты» («Восточный рай»), «Дианетикалық семинар» (Дианетический семинар), «Құлшылық үйi» (Дом молитвы), тағы да басқа толып жатқан атауларды айшықтап жазып қойған. Бұларға қоса «Сүйген ғашықтар осында», «Қасиеттi Валентин сары түстiнiң әдемiсi болған деседi» деген сияқты жастарды елiктiрiп, желiктiретiн сөздердi де кездестiресiң. Маңайына жақындағанды қалайда iшiне кiргiзедi. Iшiне кiргеннiң шығуы қиын, әрине… –Мектептер мен жоғары оқу орындары жанында қолдарына кiтап ұстаған орыс кемпiрлерiн өнебойы байқаймын. Балалар мен студент жастарға сөмкелерiндегi кiтаптарды таратып, насихат айтып жүредi. Мен де барып едiм, маған бермедi. Алғандардан сұрап алып көрдiм, Иса пайғамбар туралы кiтап екен. Басқа да толып жатқан кiтапшалар бар. Әркiм өз ағымына тартады, сөйтiп жастардың басын қатырады. Осыларға неге тыйым салмасқа? – дейдi қала тұрғыны Серiкхан Сеңгiров. Қала тұрғындарының басын қатыру iсiн ислам дiнiнiң атын жамылған ағымдар да жүргiзiп отыр. Мешiт маңынан ары-берi өткен жастарды, тiптi, оқушыларды да өзiне шақырады. «Намаз оқыңызө Намаз оқыңызө» деген сөздердi бiрiмен-бiрi жарыса айтып, жүргiншiнiң алдын кес-кестеп, жолын бөгейдi. Жуырда Алматының iргесiндегi «Тау самалы» (Бұрынғы «Каменка») елдi мекенiнде осындағы мешiттiң қызметкерлерi (молдалар) көше-көшенi аралап, әр үйдiң есiгiн қағып, тұрғындарды мешiтке шақырды. 8здерi үш адам. Бiрiншiсi – сақалы қауғадай, бiрақ мұрты жоқ әлжуаздау келген сары жiгiт. Екiншiсiнiң қолында дәспiсi (таспиғы) бар, қайта-қайта жаратушыны аузына алып, дәспi тастарын аударыстырып қояды. Үшiншiсi – өзiн мұсылманмын, Нұржанмын (есiмi нақты есiмде қалмапты, осыған ұқсас) деп таныстырған жұқалтаң жас жiгiт. Насихаттары сол: «мешiтке келiңдер, намаз оқыңдар», – дейдi. – Имандылық керек, әрине. Бiрақ тәрбие жалғыз мешiтте ғана емес қой. Әр отбасы да, балалар бақшасы да, мектеп те, жоғары оқу орны да — бәрi адам тәрбиесiмен айналыспай ма? Немерем мектепке барады, балаларым университетке, өзiм жұмысқа барамын. Менiң жасым – 60-та. Мешiтке барсам, мен баруым керек. Бiрақ, оған әзiр мүмкiндiгiм жоқ. Зейнетке дейiн әлi үш жылым бар, жұмыс iстеуге тиiспiн. Бiздiң әке-шешелерiмiз зейнетке шыққанша жұмыс iстедi. Зейнетке шыққасын намаз оқыды. Ауылдық жерде бұл дәстүрге айналды. Бiздiң санамыз да солай қалыптасқан. Оқушы баларды мешiтке жiберу, менiңше, асығыстық. Кейiн дiндар боламын, сопылық жолды қуамын дегендер болса бiр сәрi. Жасөскiнге алдымен бiлiм алу, бiр iстiң маманы болу керек, сосын өмiрлiк көзқарасын өздерi-ақ қалыптастырады, – дейдi «Тау самалы» ауылының тұрғыны Абыхан қария. Қазiр түрлi ағымдарға тартудың түрлi тәсiлдерi ойластырылған. «Ағылшын, қазақ тiлдерiн үйретемiз», «жұмыс тауып беремiз», «есеп-қисапқа баулимыз», «жолыңды ашамыз», тағы да басқа толып жатқан сөздердi айтып, жұмыс ұсынып, елдiң есiн шығарады. 8зi жұмыс таба алмай сандалып жүрген жастар, тiптi, егде адамдар да олардың сөзiне иланып қалады. Елбасының саясаты – бiрлiк пен ынтымақты қалыптастыру. Қазақстан халқы арасында төзiмдiлiктi дәстүрге енгiзу. Елiмiзде жүзден астам ұлттардың өкiлi тұрады. Олардың әрқайсысының өз дiнi мен сенiмi бар. 70 пайызға жуық мұсылман бар. Осыған қарамастан Қазақстанда екi дiндi – Ислам мен христианды ұстануға рұқсат етiлген әрi мүмкiндiк туғызылған. Сондықтан өзге дiн өкiлдерi осы екi дiнге дұрыс көзқарас қалыптастырулары керек.

С. ҚАРМЫС.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *