МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ МЕЙІРІМДІ ІСІ

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ 

Астана қаласының «20 жылдығына 20 қайырымды іс» жобасын қолға алған Мемлекеттік қызмет істері және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері  Алма­ты қалалық  Қан орталығының «Өмірге  үміт сыйла» қайырымдылық акциясына өз үндерін қосып, қан тапсырды. Депар­тамент қызметкерлерін  бұл қайырым­дылық шарасына  департамент басшы­сының орынбасары Шынар Әлімхан­қызы мен  Геннадий Данияров бастап келді.

Мемлекеттік қызметкерлер қан тапсыруға бірінші рет келіп тұрғанда­рын жасырмады. Тіпті, олар   департа­мент­тің қызметкері    Меруерт Қосы­бае­ваның 2014 жылдан бері  тұрақты түрде қан тапсырып тұратын ерікті донор екендігін  осы орталыққа келген­де бір-ақ білді.  Меруерт өзінің донор­лық бойынша тәжірибесі барын танытып, қан тапсыру алдында толқып тұрған әріптестерін сабырға шақырып, қан тапсырудың қайырымды іс болумен қатар, адам денсаулығына тигізер пайдасы туралы да әңгімелеп берді.  Қан тапсыруға келген департамент қызмет­кер­­лерін Орталықтың аға мейірбикесі,  жуырда ғана «Денсаулық сақтау сала­сына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған Гүлнар Ноғайбаева мен донорларды қабылдау бөлімінің аға  мейірбикесі Күләш Насрединова қарсы алып, оларды Қан орталығының қызметімен, қан тапсырудың денсау­лыққа пайдасы және қан топтары, олардың түрлері туралы әңгімелеп, қан тапсыруға келген мемлекеттік қызмет­кер­лердің  сауалдарына жауап берді.

Департамент қызметкерлерін Орта­лықтағы  донорларды қабылдаудың  электрондық  және бірыңғай ақпарттық жүйесі, зертханалық талдау жұмыстары  және қан дайындау өндірісінің жаңа технологиялары қызықтырды.  «Аста­наның 20 жылдығына 20 қайырымды іс» акциясын қолға алған  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департа­ментінің 20 қызметкері   қатерлі дертке және жарақаттанған балалар үшін қан тапсырды.

–  Біз Астананың 20 жылдығына  және Мемлекеттік қызметтің құрылға­нына 20 жыл  толуына орай   20 қайы­рымды іс акциясын  қолға алып, бірқа­тар қайырымды істерді жүзеге асырдық.  Көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетім балаларға, аутизммен ауыратын балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндіз болу орталықтарына барып көмек қолын создық.  Ал  бүгінгі қайырым­дылық шарасын біз   қанның қатерлі дертіне шалдыққан және  абайсызда жарақатқа ұшыраған балаларға арнап отырмыз. Қазір балалар жазғы дем­алыс­та болғандықтан, жарақаттану жиі орын  алып жатады. Тіпті, кей жағдайда қан қажет болып қалуы мүмкін. Қандай қауіптің болсын, алдын алған дұрыс, – дейді    департамент  басшысының орын­басары Шынар Әлімхан.

Шынар Әлімхан да балалар үшін бірінші рет қан тапсыруды жөн көріпті.  Бұл да болса,  бала  десе бауыр етін суы­­рып беруге дайын ұлтымыздың  балажанды қасиетінің  бірі болса керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіп қана қоймай, қайырымды іспен айналысуды жөн көрген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алма­ты қаласы бойынша департамен­тінің қызметкерлеріне қалалық Қан орталы­ғының қызметкерлері алғыс білдірді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *