Мегаполисті «Шетсіз қала» принципі бойынша дамытудың бюджеті нақтыланды

Әкімнің тапсырмасы орындалып жатыр

Алматы қаласының мәслихаты мегаполисті «Шетсіз қала» принципі бойынша дамыту үшін бюджетті нақтылау жобасын қолдады. Стратегия және бюджет басшысының міндетін атқарушы Жанар Жазылтаева өз баяндамасында жұмыс істейтін жастардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға, халықтың аз қамтылған санатына, олардың ішінде көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетуге, сонымен қатар жаңа бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беруге республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінгенін айтты.

Нақтыланған жергілікті бюджет 19,6 млрд. теңгені құрайды. Бұл қаржы әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және әкім берген тапсырмаға сәйкес «Шетсіз қала» принципі бойынша мегаполисті дамытуға жұмсалатын болады.

Білім саласында 204 мектепке оқулықтар алуға, «Орбита-3» ықшамауданындағы №40 мектепті, тілі мүкіс балаларға арналған №9 мектеп-интернатты сейсмикалық күшейтуге, №190 жаңа балабақша мен №187 ясли-бақшаны материалдық-техникалық жарақтандыруға қаржы бөлінеді. Бұдан өзге, қаржы Түрксіб, Бостандық, Медеу аудандарындағы 13 ясли-бақшаларға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалмақ.

Әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударылған. 616,5 млн. теңге жеті ауданда «Isker Ana» орталықтарын және Бостандық ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашуға, Әуезов ауданындағы ұзақ өмір сүру орталығын жарақтандыруға бағытталған. Сонымен қатар, Алатау аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімін «Open space» форматында қайта құруға және мемлекеттік атаулы көмекті қаржыландыруға жұмсалады.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылықты дамытуға 3 млрд. теңге қарастырылған. Соның ішінде 2 млрд. теңге шет аймақтарды дамытуға, сумен жабдықтауға 373,5 млн. теңге, жарықтандыруға 2,3 млрд. теңге қарастырылған. Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға 1 млрд. теңге бөлінген. 11 ықшамаудандарда жолды жобалау және салу жұмыстары атқарылады.  Атап айтқанда, Түрксіб ауданындағы «Нұршашқан», «Кайрат», «Әлмерек», «Жас-Канат», Алатау ауданына қаратсы «Самғау», «Шапағат», «Шаңырақ-5», «Алғабас», «Өжет», Наурызбай ауданындағы «Құрамыс», Медеу ауданындағы «Думан», Алмалы ауданындағы Әйтеке би көшесі.

Троллейбус желілерін модернизациялау мен дамыту, Алматы қаласында жаңа бағыттар ашу қарастырылған. Жол қозғалысын басқарудың автоматты жүйесін модернизациялау, реконструкциялау қаржыландырылады. Бұдан өзге, Федоров, Боткин, Верди, Венецианов, Мартынов, Бродский, Брюсов сынды жеті көше мен Солтүстік айналма қиылысына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Абаттандыру аясында 350,6 шақырым арық желісі инвентаризацияланады.  Жансүгіров көшесі бойындағы және «Жас Қанат» ықшамауданындағы скверлер жөнделіп, 440 аулаға күрделі жөндеу жүргізудің жобасы жасалады.

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін полицияның стационарлы және мобильді постыларын құруға қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуға, ШОБ жеңілдетілген несие бөлуге және кәсіпкерлердің «Qolday» орталығын құруға қаржы бөлінеді.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *