Мұз айдындарда тәулік бойы сырғанауға болады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың ескертулерінен соң қаладағы тегін мұз айдындары ретке келтірілді.

Осы маусымда мегаполисте конькимен сырғанауға арналған төрт алаң жасақталды. Олардың үшеуі Тұңғыш Президент пен 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында және Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында іске қосылды. Төртінші мұз айдын жоспар бойынша келесі аптада Түрксіб ауданындағы «MART» сауда үйінің алдындағы алаңда ашылмақ.

Бұған дейін мұз айдындарын аралаған қала әкімі Бақытжан Сағынтаев сырғанау алаңдарындағы мұз жамылғысының сапасына назар аударуды тапсырып, сервистік инфрақұрылымды ретке келтіру туралы ескертулер айтқан еді.

Төрт мұз айдынының жалпы ауданы шамамен 12 мың ш.м. Ең үлкені Тұңғыш Президент саябағында орналасқан. Оның ауданы – 3,8 мың ш.м., 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында – 3,4 мың ш.м., Наурызбай және Түрксіб аудандарында тиісінше 2,5 және 2,2 мың ш.м. құрайды.

Барлық мұз айдындарында конькиді жалға беру орындары, демалыс орындары мен қоғамдық тамақтану орындары да қарастырылған. Ауа райының температурасы Цельсий бойынша +15 градусқа дейін көтерілсе де, мұздың сапасын сақтауға мүмкіндік беретін салқындатқыш қондырғылар жұмыс істемек.

Коькиді жалға беру сағат 10:30-дан түнгі 23.00-ге дейін белгіленген. Таңғы сағат 6-дан түнгі 23.00-ге дейін жұмыс істейтін Тұңғыш Президент саябағындағы сырғанау алаңын айтпағанда, қалған мұз айдындары тәулік бойы сырғанауға қолжетімді.

Барлық мұз айдындары 10 наурызға дейін жұмыс істейді.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *