Мүгедек жандар гүл отырғызды

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Алмалы аудандық «Мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығының» мамандары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында, өздерінің қамқорлығындағы мүмкіндігі шектеулі жандарды табиғат аясына алып шығып, еліміздің тарихи жерлерін аралатты, таныстырды.

Жолай қала орталығындағы көрікті көшелерге аты берілген Абылай хан, Қарасай батыр, Наурызбай батыр, Қабанбай батыр, Жамбыл, А.Яссауи сынды тұлғалардың өмір жолы, тарихта қалған іздері туралы әңгімеледік.

Туған жерді тану сапарымызды Алматы іргесіндегі Сарыбай би, Қайназар, Сүйінбай, Жамбыл, Түктібай сынды ардақты аталарымыз жерленген Бес ата қорымынан бастадық.

Белгілі тарихи тұлғалардың әрқайсысының өмірімен жеке-жеке таныстық. Сәулет өнерінің соңғы үлгілерімен тұрғызылған мазарлардың басына аялдап, дұға еттік.

Сарыбай 19-ғасырда ғұмыр кешкен, елін ынтымақ-бірлікке ұйыта білген абыз би болған кісі. Мазарының маңайында бой көтерген мәуелі ағаштар, әдемі гүлдер көз тартады. Түктібай ата мавзолейінің де алды тамаша. Оның маңында ұрпақтары өмір сүріп жатқанын білдік. Ұрпақтарының қолында бүгінгі таңда аталарының  халықты емдеген, дем берген қобызы сақталған екен. Сүйінбай мен Жамбыл аталар рухына да тағзым еттік.

Қайназар – Сарыбай бидің дауыл мәселелерді шешуде әділ де оң қолы болған адам. Оның мазарын ұрпақтары 2003 жылы тұрғызған екен. Алмалы аудандық «Мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығының» өкілдері осы мазардың айналасын көркейту мақсатында Алматыдан арнайы алып келген құнарлы топырақтарын сеуіп, түрлі гүл отырғызып, игілікті іс атқарды. Жасыл желектерді мүмкіндігі шектеулі жандардың өздері суарды.

Қазақ жері кең. Құшағы да кең. Біз туған жердің тыныс-тіршілігімен танысу арқылы, табиғат аясында да жақсы демалып қайттық.

Бұл сапарымызды алда тағы да жалғастыратынымыз сөзсіз.

 

Галина Коржинская,

Алмалы аудандық «Мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығының» директоры.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *