Ұлттық құндылықтармен үйлеспесе, ондай демократия апатқа алып келеді

Амангелді АЙТАЛЫ, саясаттанушы, ғылым докторы, профессор:

Ұлттық құндылықтармен үйлеспесе, ондай демократия апатқа алып келеді

– Демократия деген бар, оны еркіндік деп түсінеміз. Демо­кратия деген шексіз. Біздің кейбір азғындап кеткен жастарымыз соны пайдаланғысы келеді. Қызтекелер мен көгілдірлер үшін демократия деген осындай азғын өмір. Батыс осындай азғын­дықты да демократия деп түсінеді. Қазақстан халқының 70 пайыздан астамы – мұсылман. Сондықтан заң қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, құндылықтарын ескеруі керек. Демо­кратияның өз жөні бар. Ол ұлттық құндылықтармен үйлеспесе, ондай демо­кратия апатқа алып келеді. Әдетте біз Батыстың саяси демократиясын алмаймыз, ал мынандай жағына келгенде адам құқығы, анау-мынау деп шыға келеміз. Батыста әкесі де, қызы да демократияны қолдайды. Қызы айтады: «Әке-шеше, мен кәмелет жасқа толдым. Енді өз денеме өзім қожамын. Тәнімді сатамын ба, жезөкшелер үйіне барамын ба? Өзім білемін», – дейді. Сол жезөкшелер үйінде демо­кратияны қолдайтын қызы мен әкесі кездесіп қалуы мүмкін. Өйткені, демократия ғой. Міне, демо­кратия деген желеумен Батыс көптеген ұлттық құндылықтарынан айырылып қалды. Халық қолдамағанды демократия деу – қателік. Тыйым болмаған жерде мемлекеттің тыныштығы кетеді.

 

(«JAS QAZAQ», №42, 18.10.2019).

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *