Әлеуметтік маңызды тауарлар бағасы өспеу керек

206Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов монополияға қарсы мекеме басшыларына негізсіз өскен әрбір тауар бағасына қатысты тексеріс жүргізуді тапсырды.

Ұлттық валютаның бір сәтте құлдырауы тауар нарығы мен сауда саласына кері әсерін тигізіп жатқаны жасырын емес. Бұл стратегиялық мақсатта, ішкі экономикамызды тұрақтандыру үшін жасалған шара болғанымен, тұтынушының күнделікті тұтына­тын тауарларының, яғни, өзімізде өндірілетін азық-түлік бағала­рына да әсері болып тұр.

Нұрлан СҮЙІН

Осыған орай, Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы басқа да тапсырмалармен қатар, әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасының өсуін болдырмауды қатаң тапсырды. Бірінші кезектегі азық-түлік бағасын ұстап тұруға еліміздің мүмкіншілігі бар екендігі ай­тылған болатын. Қазақстанның Үкіметінен бастап, түрлі деңгейдегі аудан, қала басшылықтарына бағаға бақылау орнату тапсырылған.

Алматы қаласында да осы мәселеге қатысты жұмыстар атқарылып жатыр. Шањар тұрғындарымен байланыс үшін аудандық әкімдіктер желісінде сайт ашылып, баға қымбаттауына қатысты нақты мәліметтер қабылданып жатыр. Алматы қаласы әкімі қалалық монопо­лияға қарсы мекеме басшыларына бағаға бақылау жасау жұмыстарын жалғастырып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының әрбір өсу жағдайына тексеру жүргізуді тапсырды.

Аудан әкімдіктері мен сала басшы­ларының басын қосқан жиында қала әкімі А.Есімов бірінші кезекте әлеуметтік тауарлар мен азық-түліктің бағасын ұстап тұрудың маңыздылығына тоқталды. Дегенмен, шањардың кейбір көтерме-сауда орындарында осы тауарларға қатысты бағаның өсуі байқалады. Бұл жайында қала басшысына баяндалды да. Әкім  бақылаушы органдарға бағаны негізсіз көтерген сауда орындарының басшыларына қатысты шара қолдануды тапсырды. Қажет болса. Елбасы тапсыр­масына орай, сауда жасау лицензияларын алып қою құқы беріліп отыр.

Аудан әкімдеріне негізгі азық-түлік тауарларын өндірушілермен жұмысты жандандырып, азық-түлік бағасының күрт өсуіне жол бермеу тапсырылды. Бұдан басқа А.Есімов ҚР Президентінің тап­сырмасымен елде жалақы, зейнетақы, әлеуметтік төлемдердің көбейетінін айтты.

«Әлеуметтік сала қызметкерлерінің айлық жалақысы 10 пайызға өседі. Жыл басынан бастап зейнетақы – 14 пайыз, әлеуметтік төлемдер – 12 пайыз, студенттер шәкіртақысы – 10 пайызға өседі. Қазір жалпы жалақыны көтеру жолдары да қарастырылып жатыр», – деді Алматы қаласының әкімі.

Шањар басшысы Президент тапсыр­масымен кредиттік ресурстарды үнемдеу мақсатында Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінетінін айтып кетті. Осыған байланысты қала тарапынан Үкіметке ұсыныстар дайындауды тапсырды. «Бұл қаражат үш бағытта бөлініп отыр. Соның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту бар. Шағын және орта бизнестің (ШОБ) Алматы экономикасындағы үлес салмағы үлкен екені белгілі. Сол себепті біз қар­жылай қолдауды қажет ететін кәсіп­орындардың тізімін жасауымыз керек», – деді А.Есімов.

Жалпы, Ахметжан Есімов аудан әкімдері мен сала басшыларын қалып­тасқан жағдайға байланысты жасалып жатқан жұмыстардың қарқынын бәсең­детпеуге шақырды. Қай жағдайда болса да билік пен халықтың байланысы үзілмеуі керек.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *