Кемелдікке жеткен әйелдер

 

Өткен аптадағы лекцияда Жаратушының Мәриямға таңдаулылардың қатарында екенін періштелер арқылы ескерткенін айттық. Таңдаулы жандар сынақ пен емтиханнан өтетіні мәлім. Мәриямды Жаратушы үлкен сынаққа дайындады. Алланың «бол» сөзімен небір ғажайыптарды болдыратына куә боламыз. Мәриямға періштелер келіп Алладан қуанышты хабар жеткізеді. Яғни оның бесіктен бастап сөйлейтін ұлы Ғиса болатынын айтады. Ибраһим пайғамбарды отқа тастайтын кезде періштелер «О, Ибраһим, қандай көмек керек» деп сұрайды. Жәбірейіл періште де келіп «О, Ибраһим, мына жерден құтқарайын ба?» дейді. Сонда Ибраһим (а.с) «Сен­дерден маған ешқандай көмек керек емес. Алла менің жағдайымды біледі» дейді. Міне, Құдайға нағыз жан-дүниесімен сену деген осылай болады. Әрбір нәрсе Алланың қалауымен болатынының дәлелі. Ол (Алла) «бол» десе сол мезетте бәрі болады. Періш­телерден жеткен хабардан Мәриям біраз абдырап қалады. Ол Жаратушысымен тілдесіп «егер менің жаныма бір ер-азамат жақындамаған болса, қалайша менің ұлым болмақ?» дейді. Мәриям Алланың құдіретіне шәк келтірген емес. Алланың құдіретімен оны анасы қартайған шағында өмірге әкелді. Оның періш­телерді көруі, бөлмесінде қыстың күні жаздық жеміс­тердің, жаздың күні қыстық жемістердің болуы Оның құдіретінен емес пе?! Мәриям мұның бәрі Алланың құдіреті екенін сөзсіз білетін. Бірақ бұл жолғы хабар оны біраз әбігерге түсіреді. Сонда періштелер «Алла солай қалағанын істейді» дейді. Мәриямның бойын қорқыныш билейді. Сонда олар мұның бәрі Алланың қалауымен әу бастан шешіліп қойылғанын, тағдырдың жазы­лып, сияның кеуіп кеткендігін айтады. Мәриямның ұлы Ғисаға жүкті болуынан біз оның қалай сабырлық танытып, үлкен қиын­дыққа төзе білгенін көреміз. Ол жайлы «Мәриям» сүресінде толықтай айтылады. Өмірінің жаңа кезеңі баста­латынын білген Мәриям туған үйін тастап шығып кетеді. Адамдардың көзінен таса кетіп, Құдайға құлшылық қылады. Егер иман­ның, құлшылықтың дәмін сезінгісі келген адам болса, ара-тұра солай адам­дардың көзінен таса шығып, Құдайға оңашада құлшылық етуге кеңес беремін. Бұл оқиғаның жалғасын келесі лекциямызда айтамыз.

Алла Тағала бізге Мәриямға бергендей тазалық, адалдық, берік иман нәсіп еткей.

 

 (Жалғасы.

Басы өткен сандарда).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *