КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП ОТЫР

«Doіng Busіness» бойынша көрсеткіштер еселене түседі

«Doіng Busіness» рейтінгісіне сәйкес, Қазақстан бүкіл әлемде бизнес климаты қолайлы елдер ішінде тұрақтап тұр. Бұл көрсеткіш ендігі жерде еселене арта түседі. Өйткені, биылдан бастап, бұл саланы жақсартуға қатысты заңдар күшіне еніп келеді.

Негізі, Алматы қаласы кәсіпкерліктің даму деңгейі бойынша еліміздің барлық аймақтары арасында алдыңғы қатарда келеді. Оңтүстік астанада кәсіпкерлер өте көп. Оларға Елбасының әрбір Жолдауда айтатын қолдау сөздері, мемлекет қамқорлығы айтарлықтай дем беріп отыр.

Қазіргі таңда Қазақстанда кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр. Қандай қиын кез, әлемдік қаржы дағдарысы болса да, кәсіпкерлердің білімін жетілдіруге, өндірістік жоспарын өзгертуге мол мүмкіндік берілген. Қазір ісін жаңа бастаған азаматтан бастап, ірі компания басшыларына дейін оқыту курстары қарастырылған. Тегін. Қолжетімді. Одан бөлек, кәсіпкерлерге салық пен кедендік жеңілдіктер де қарастырылған. Көптеген әкімшілік кедергілер алынып тасталды. Керексіз артық құжаттар талап етілмейтін болды. Сондықтан да бүгінде шартараптағы инвесторлар біздің елге қаржы құюға мүдделі. Әрбір ашылған өндіріс – жаңа жұмыс орны. Ал, ондай өндірісті ашуға кез-келген кәсіпкердің толыққанды мүмкіндігі бар.

Ардақ ӘДІЛХАН,

Алматы қаласы Әділет департаменті

«Мүліктік емес сипаттағы талаптарды

орындау бойынша аумақтық бөлімі»

филиалының сот орындаушысы

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *