ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ – ЕЛ БАҚЫТЫ

412Кеше Республика сарайында Алматы қаласының  әкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен Халық­аралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Алып шањардың әртүрлі салаларында қызмет етіп жүрген әйелдер қауымы қатысқан мерекелік шараның шымылдығын Ахметжан Смағұлұлы құттықтау сөзбен ашты.

406– Ардақты аналар, аяулы әжелер, Сіздерді Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке – әлемнің анасы, жер бетіндегі тіршіліктің көзі, адам баласын келешекке жалғайтын аналардың, аяулы қыз-келіншектердің, ибалы қарын­дастарымыздың мейрамы. Елінің амандығына, халқының абыройлы болуына тілекші, айналасына қамқоршы, туған-туыстың  жанашыры болып жүретін аналарымыздың аялы алақаны мен шексіз мейірімі жалпы адам баласы үшін тіршіліктің мәні екендігі сөзсіз. Әйел адам – жанұяның жылуы, отбасының берекесі. Бүгінде арамызда жүрген нәзік жанды замандастарымыз ұлағатты ұрпақ тәрбие­леуде ғана емес, қоғамның сан түрлі саласында елеулі еңбек етіп, бар күш-жігері мен әлеуетін, білімі мен біліктілігін халықтың игілігіне арнап келеді, – деді А.Смағұлұлы. 

Бүгінде Алматы халқының 54,4 пайызын әйелдер қауымы құрайды екен.  Бұл ретте мегаполистің тұрмыс-тіршілігінің әртүрлі салаларында 371 мың әйел еңбек етеді. Соның ішінде, өнеркәсіпте – 19 мың, қаржы қыз­метінде – 29 мың, білім саласында – 56 мың 600, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметте – 36 мың әйел еңбек етсе, қала әкімінің орынбасары, аудан әкімі, басқарма басшысы ретінде де өз қызметтерін жемісті атқаруда.

– Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көр­сеткендей, болашақтың іргесін құрайтын азаматтарды тәрбиелейтін анаға қандай қамқорлық жасасақ та, көптік етпейді.  Мемлекет баланың туылуы мен күтіміне байланысты және көпбалалы аналарға қатысты жәрдемақылардың мөлшерін ұл­ғайтуда. Ана мен баланың денсаулығын қорғау – мемлекетіміздің қолға алған негізгі шара­ларының бірі, – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, салтанатты шара аясында «Қанатты әйел – 7» идеялар мен тауарлар жәрмеңкесі өтті. Бұл жәр­меңкенің негізгі мақ­саты – қоғамдағы гендерлік пробле­матикаға жұртшылық назарын аудару, біртума әйелдерді анықтау және насихаттау, олардың іскерлік қасиеттерін көрсету, олардың интел­лектуалдық, шығармашылық және көш­бас­шылық мүмкін­діктерін ілгерілету, жаңа тауарлар мен идея­лардың тұсау­кесерін өткізу, сол сияқты, желілік ынтымақ­тастықты кеңейту болып табылады.

Мәншүк БЕКБОСЫН

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *