ІЛГЕРІ ІСІМІЗГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН ЖОБА

Қазақстан  Президенті  2000 жылдардың  басында-ақ, ХХІ ғасырдың  ғылым мен технологиядағы  жетістіктері мен   жаңалықтары  қаншалықты  орасан болса,  халықаралық  саясат пен  экономикадағы  тәуекелдер мен  сынақтар да  соншалықты  қарқынды  болатынын  айтқан еді. Өркениет тарихын,  әлемдік  геосаяси, геоэкономикалық  үрдістер  табиғатын терең  білетін,  бүгінгі,  болашақтағы  дүние  дамуының жағдайын  қапысыз  болжайтын  көреген саясаткер  ретінде  Елбасы  уақыт тынысын  тағы да  дөп  басты.   Жаңа ғасырдың  алғашқы  онжылдығымен  бірге ере келген  әлемдік қаржы  дағдарысы,  халықаралық  шиеленістер мен  толассыз  қақтығыстар,  жаппай  әлеуметтік  тартыстар  осыған  көзімізді  жеткізді.  Біздің  еліміз  онымен  қақтығыспады,  өз  жолымен  жүрді.

Мемлекет  басшысы  әлем  үшін де,  өз  елі  үшін де  дамудың  эволюциялық, балама  жолдарын  ұсынудан  танған  емес.  Оған елімізде  барлық алғы-шарттар  жасалған.

Қазақтың  классик  жазушысы  Жүсіп­бек Аймауытов осыдан  бір ғасыр бұрын  «Қазақ  күнелту  жағының  мәдениетінен  мешеу  қалса да,  ақыл,  қиял,  сезім  жағына,  білім  тілімен айтқанда,  рух  мәдениетіне кенде емес…  Қазақтың  жерінің  астында  асыл қазына, кен  байлығы  мол деп  аңыз  қылысады.  Сондай  мол  қазына  қазақ  елінің  ішінде де  жатыр. Күн  көру тәсілін  сырттан  жұқтырып,  үйрене беруге  болады.  Рух  мәдениетін  бөтеннен  қарызға ала беру­ге  болмайды. Алса да,  халықтың  көкейіне  көпке  дейін қонбайды.  Ендеше, өзімізде  бар  дәулетті жарыққа  шығарып, іске  жаратуға  талпыну  керек» деген еді.   Бүгінгі  Жолдау  осы  мәтінмен  үндес. Жолдаудың  бүкіл  мәні  мен  мазмұны – теориялық-практикалық  түрде  салмақталған  жоғары  деңгейдегі  құжатқа  айналатыны  ақиқат.

Менің назарымды аударғаны – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемде қалыптасып отырған геосаяси жағдайға көзқарасы. Бұл жолы да Президент кез-келген жағдайда алдын-ала сараптай алатын, баға бере алатын басшы екенін көр­сетті.  Себебі, 2007 жылдан бастап,   Прези­дент  Нұрсұлтан  Назарбаев экономикалық дағ­дарыстың зардабынан туындайтын гео­саяси трансформациялар жайлы жиі айтып келеді. Себебі, 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан әлем әлі толық арылып біткен жоқ. Қазір алпауыт елдер арасындағы түсінбестіктен геосаяси жағдайлардың шие­ленісіп кетуі, әлемдік нарықтағы энерго­ресурстардағы аса жайсыз конъюнктура, экономикалық өсімнің төмендеуі, оның себеп-салдарын толыққанды зерттеуді, зерттеу арқылы алдын алуды талап етеді. Дағдарыстың алдын алуда Қазақстанның бай тәжірибесі бар.  Жолдауда дағдарыстың алдын алудың әмбебап тетігі қарастырылған. Дағдарыстың алдын алудың «Қазақ­стандық жолы» кешегі «Нұрлы жолда» да барынша жалғасын тапты.

Себебі, 2008-2009 жылдарда  Ұлттық қор қаржысы ұлттык экономика үшін қауіпсіздік факторы ретінде пайдаланылды. Банкке, шағын және орта бизнеске ерекше басымдық берілді. Жолдау кезінде Прези­дент назарынан Қазақстанның инвестиция­лық тартымдылығы  тыс қалмады. Бұл Ресей үшін де басым бағыт болып табылады. Бұл жолы Қазақстан инфрақұрылымдық жобаға­басымдық беріп отыр. Бұл транспорттық-логистикалық, индустриалық-инфрақұры­лымдық жобалар ұлттық экономиканы жаңа жұмыс орындарын ашу, аймақтардың да­муын ынталандыру арқылы дамуға жол аша­ды. Мемлекет басшысы ел алдына асқа­ралы міндет қойып отыр. Оны іске асыру факторы қазірдің өзінде анық көрініп тұр.  Елбасы белгілеп берген 30 елдің қатарына ену мақ­сатымызға қол жеткізу үшін осындай қадам жасалғандығын байқауға болады.

Қазір тұрақты, тиімді әрі шұғыл жұмыс істейтін атқарушы билік құрылды десек, қателеспейміз. Бұл да мемлекетімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу жолындағы істерімізге жол ашатын жоба деп есептеймін. Әлемнің озық технологияларымен танысу, жаңа үлгілерін өзімізге қабылдау, сол сияқты өзіміз де жаңа жобаларды ұсыну, XXІ ғасыр­дағы жедел даму үрдісіне терең назар аудару – осының бәрі ел экономикасының ең негізгі бағыттарына тың серпіліс береді. Ал бұл  ең  біріншіден,  халықтың  әлеуметтік  жағ­дайын  сауықтандыратын  бірден-бір  фактор.

Қаржылық дағдарыс кезінде жалақы мен зейнетақы көлемін төмендетпеуге қатысты Үкімет пен басқа да тиісті ресми орындарға жүктелген тапсырмаларға қарап отырып, Елбасының бірінші кезекте ел қамын ойлайтындығына көз жеткізе түстік. Ендігі мақсат –  Жолдауды басшылыққа ала оты­рып, Қазақстанның бүгінгі жеткен биігінен төмендемеуіне күш салу.

 

Меңдеш  ЕСҚАЛИЕВ,

экономика  ғылымының  докторы,

 профессор.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *