Халықаралық джаз фестивалі басталды

29 наурыз – 1 сәуір аралығында, сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемле­кеттік филармония­сында «Рухани жаң­ғыру» бағдарла­масы аясында Халықаралық джаз фестивалі өтеді. Ізгі шараның мақсаты – джаз бағытының үздік үлгілерін және шығармаларын насихаттау, жас ұрпақтың мәдени жетістіктерін және шығармашылық әлеуетін дамыту, жастардың рухани және эстети­калық көзқарастарын қа­лып­тас­тыру. Кеште халықаралық байқаулардың лауреаты «Almaty Jazz Youth Band» тобы өнер көрсетеді. Фестивальде алматы­лықтар мен қала қонақтары Израиль­ден, Вен­гриядан, Австриядан және басқа да батыс елдерінен келетін шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалай алады.

Айта кетерлігі, Алматыдағы Джаз мектебі – Орта Азиядағы жастар үшін жалғыз мектеп. Еліміздің мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болып табы­латын джаз фестивалі жас музыканттардың кәсіби өсуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шетелдік қатысушыларға қазақстандық өнерпаздардың деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *