Ерлан СМАИЛОВ, қалалық кеңес мүшесі: Тұрғындарға да, бизнеске де қолайлы

Жалпы, қалалық жоспарлаудың әлемдік үдерісі қала аумағын тиімді пайдалану, экономиканың салалық құрылымының элементтерін, халық көп пайдаланатын жол торабын, инженерлік-көліктік құрылымдарды басқаруда қалыптасқан ежелгі дәстүрлер бар. Олар белгілі бір мақсатта өз міндеттерін орындап келеді. Мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесінде қала инфрақұрылымын дамытуда олар белсенді қызмет атқарды.

Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында соңғы жылдары жаяу жүргіншілерге арналған жолдар абат¬тандырылып, олармен қатар веложол¬дар да салынды. Олардың белгілі бір мақсатта тиімділігі де болды. Алайда, оның шағын және орта бизнесті дамытуда кедергі тигізіп отырғаны ашылып қалды. Сондықтан біз қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері бұрынғы қабылданған шешімге талдау жасай отырып, оған өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныспен шығып отырмыз.
Бүгінде мегаполисте 185 мың шағын және орта бизнес субъектісі бар. Ха¬лық¬тың үштен бірі кәсіпкерлікпен ай¬налысады. Қала бюджетінің 60 пайызы шағын бизнестен түседі. Демек, бұл дегенің қаланың әлеуметтік экономи¬калық қорын шағын бизнестің құрай¬тынын көрсетеді. Қала бүгінгі таңда осы қордан айырылып қалғалы отыр.
Бүгінде кәсіпкерлер Қонаев пен Байтұрсынов көшелерінің екі жағына веложолдарды салу әсерінен осы екі көшеде орналасқан шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өркендеуіне кері ықпалын тигізгенін жеткізіп отыр. Веложолдардың ыңғайсыздығынан осы көшелерде орналасқан мейрамхана¬ларға, қонақүйлерге, қоғамдық тамақ¬тандыру орындарына адамдар аз келетін болған. Жол бойында көлік қоятын орын¬дардың болмауы да ыңғайсыздық тудырып отыр. Сондықтан кеңес мүшелері Қонаев пен Байтұрсынов көшелеріндегі веложолды Шевченко көшесіндегідей екі жаққа бағыттала¬тындай етіп көшенің бір жағына орна¬ластыруды ұсынады. Бұл тұрғын¬дарға да, бизнеске де қолайлы жағдай жасайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *