ЕАЭО ЕЛДЕРІНІҢ ТЕХНОПАРКТЕРІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0. Еуразияның экожүйесі» атты халықаралық форум өтті

Бұл форумды өткізуге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы қазан айында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алқалы жиынында бастама білдірген еді. Форумның пленарлық сессиясына ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев  қатысты.

«Форумның мақсаты — инновациялық экожүйе мәселелері бойынша біліммен және тәжірибемен алмасу үшін бір құрылым аясында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қызметтерін біріктіру арқылы Еуразия аймағының әлеуетін ашу» деп хабарлады, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты.

Бұл алаң Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін іске асыруды көздейтін маңызды бірлескен қадам ретінде қаралғанын айта кеткен жөн. Шараға барлығы 800-ден астам халықаралық сарапшы, ЕЭК, БҰҰ, ЕАЭО елдерінің, елшіліктердің өкілдері қатысты.

Сессия барысында ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру және инновациялық экожүйені дамыту үшін, соның ішінде Одаққа мүше мемлекеттердің технопарктерін біріктіру мен жаңа цифрлық жобаларды іске қосу арқылы күш-жігерді одан әрі біріктіру мәселелері талқыланды.

Пленарлық сессия қорытындысы бойынша цифрлық қолтаң­баны пайдалана отырып, AstanaHub (Қазақстан), «Сколково» (Ресей), «Кәсіпорындар инкубаторы» (Армения), «Жоғары технологиялар паркі» (Қырғызстан) технопарктері арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Форум жұмысы «ЕАЭО цифрлық күн тәртібі», «Тұрақты даму мақсаттарына қолжеткізудегі цифрландыру (БҰҰ)», «Иннова­циялық экожүйедегі цифрландыру», «Индустрия 4.0 – иннова­циялық экожүйе тұтынушысы», «Шағын және орта бизнесті цифрландыру» тақырыптарындағы панельдік сессиялармен жалғасты.

Бақытжан Сағынтаевтың  төрағалығымен өткен «Иннова­циялық экожүйедегі цифрландыру» тақырыбындағы халықаралық сараптамалық кеңестің алтыншы басқосуында әлемдік деңгейдегі сарапшылармен инновациялық экожүйеде цифрландыруды дамытудың өзекті мәселелері және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижелері талқыланды. Инновациялардың адами капиталды дамытуға әсеріне ерекше көңіл бөлінді. Еркін пікірталас форматында цифрлық дамудың әлемдік тәжірибесі, электрондық үкіметтің рөлі, жас таланттарды тәрбиелеу, стартап жобаларға инвестициялар салу мәдениетін дамыту, заманауи технологиялық жүйелерді әзірлеу кезіндегі қаржылық тұрақтылықты арттыру, сондай-ақ, инновациялық экожүйенің білім беру сапасын арттыруға және халықты жұмыспен қамтуға әсері туралы пікір алмасылды.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *