Достың да досы бар

«Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» – деген аталарымыздың асыл сөздері өз құнын жоғалтып бара жатқандай. Қазір адал дос, жақын құрбы табу қиын, себебі, ақшаның орны болек бұл заманда қолыңда билігің, астыңда көлігің бар кезде ғана қал сұрасып хабарласып іздер достарың, таныстарың көбейері анық. Бұл жағдайға ата-ана тәрбиесі дұрыс емес десе, енді біреулер қоғамның талабы солай дейді. Жаныңда бірге жүріп, бір нанды бөлісіп жеп, ертең достығымызды балаларымыз жалғастырады деген оймен жүрген адамың ту сыртыңнан пышақ сұғады деп әрине ойламайсың, мүмкін шарасыздықтан, мүмкін қасақана болар, кім білген.

Аналарымыздың құрбылары, әкелеріміздің достары үйге келіп бұрынғы кездегі әңгімелерін айтып, өткен-кетенді қозғап, бастарынан өтізген қызықты оқиғаларын айтып отырғанда құлақ түре тыңдап, қызығып отырамыз. Ал қазір досым деп жүрен адамың басыңа іс түскен сәтте сен үшін ешкім болмай қалғанын түсінгенде өкініштен өзегің өртеніп кете жаздайды.

Әділетсіздік пен өтірікке қарсы тұрып, шындықпен бетпе-бет келу қазір екінің бірінің қолынан келе бермейді.  Ғаламтордың торында жүрген жастардың ойында Instagram-дағы оқырмандарының санын өсіріп, желіге салған суреттерінің астында жазылған пікірлер мен лүпілдер алаңдатады. Өз өмірлерінде кездестірмеген жандарын жақындарына санап, тіпті, дос, құрбы болып бар сырларын айтып, өмірде  кездестіргенде ол адамдармен амандасуға шамалары жетпейтіндер қаншама. Осындай бір ішкі толғаныстардан туған «Бір досым бар» атты өзімнің өлеңім бар еді.

Бір досым бар

Бір досым бар соны көріп шаттанам,

Бір досым бар сол досыммен мақтанам,

Бір досым бар бір жауға жығып сатпаған,

Бір досым бар біртүрлі, содан жасқанам.

Бір досым бар барсам есік ашпайтын,

Бір досым бар сырды сыртқа шашпайтын.

Бір досым бар аяғымнан шалатын,

Бір досым бар әбігерге салатын,

Бір досым бар керегінде іздейді,

Бір досым бар қасымда мәңгі қалатын.

Бір досым бар пышақ маған сілтеген,

Бір досым бар мына досын ұмытқан,

Бір досым бар мына жалған өмірде ,

Қалғанына көңілімді суытқам.

 

                                                  Жұмагүл МАРАТХАНҚЫЗЫ,

                                         «Тұран» университеті, журналистика    

                                       мамандығының 2-курс студенті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *