ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА ЖАҢАРУ ҚАЖЕТ

Тұрарбек Төлендиев, Қазақстанның Денсаулық сақтау ісінің үздігі,  зейнеткер дәрігер.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық кеңестің  үшінші отырысында сөйлеген сөзі барлық қазақстандықтардың көңілінен шыққаны анық. Президент өзі айтып өткендей,  қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері бұл жолғы отырыстарын еліміздің болашағы үшін өте маңызды екі сала; білім мен ғылым және денсаулық сақтау саласына арнап, екі саладағы  басты бағыттарды айқындап,  сол бойынша жүзеге асырылатын іс-шараларды атап өтті. 

Осы басқосудағы  дәрігер ретінде менің көңілімммен шыққаны келешекте еліміздегі денсаулық сақтау саласының  түбегейлі  жаңартылатындығы және дәрігерлердің еңбекақысының арттыру  мәселесі болды.  Шынын айтсақ, біздегі денсаулық сақтау мекемелерінің  басым бөлігі  сонау елуінші, алпысыншы жылдары салынған,  құрлыстары қазіргі талапқа сай келмейтін ескі ғимаарттарда орналасқан.   Бұл ретте мемлекет басшысының 2025 жылға дейін елімізде 20 ірі клиника салынатындығы  туралы айтқаны көңіл қуантты. Ал биылғы әлемді жайлаған   коронавирус  дертімен күресте дәрігерлер еңбегі ерекше бағаланды. Олар өз бастарын қатерге тіге отырып, өзгелердің өмірі үшін күресе білді. Есесіне   көп  дәрігерлеріміздің  өздері де аталған дертке шалдықты. Дәрігерлеріміздің  осы төтенше жағдай кезіндегі ерлікпен пара-пар еңбегін айырықша бағалап, оларға деген сенім мен құрметтімізді арттыруды айта келіп,

Президент 2023 жылға дейін  дәрігерлердің еңбекақысын 2,5 есеге арттыру керектігін айтқаны  дәрігерлеріміздің еңбегінің бағаланғаны деп бағалаймын.

Рас еліміздегі ең төменгі  еңбекақы   адам өмірі үшін аса маңызды саналатын екі саланың білім мен денсаулық сақтау саласының өкілдеріне тиесілі екені белгілі.. Олай болса, дәрігерлердің еңбекақысыынң екі жарым есеге арттырлатындығы осы салада қызмет етіп жүрген барлық ақ халатты абзал жандардың мәртебесін арттыратыны анық.  Ал емдеу мекемелерін жаңарту, оларды жаңа медицицналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі де уақыт талап етіп отырған   өзекті мәселелер болғандықтан  Мемлекет басшысы мен ұлттық қоғамдық кеңес мүшелерінің  бұл басатмаларының баянды болғанын қалаймыз.  Дәрігер мен мұғалім еңбегіне  милинодап ақша төлесек те артық емес, бірі болашағымыз – жас ұрпақтың бағдар  шамы болса, дәрігер адам  өмірінің Алладн кейінгі қорғаушысы, сол себепті екеуінің де еңбегінің әділ бағаланғаны  жөн. Бұл ретке келгенді Президентіміз Қ. Ж. Тоқаевтың бастамаларын қолдаймын.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *