Денi сау ана – денi сау бала үшiн

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

«НұрОтан» ХДП Әуезов аудандық бөлiмшесi мен осы аудандағы №10  емхана ұжымы 8-наурыз  – Халықаралық әйелдер күнiне орай көпбалалы аналарға құрмет көрсеттi. Мерекелiк басқосуды емхананың бас дәрiгерi, қалалық Мәслихат депутаты Алуа  Мұсабаева құттықтау сөзiмен бастап, ұлт санын өсiруге үлес қосып, ұлағатты ұл-қыз тәрбиелеп отырған аяулы аналарға денсаулық тiледi. Елбасының ақпан айындағы Жолдауына және онда айтылған ана мен балаға қатысты басым бағыттарға тоқталып, бүгiнгi ана мен балаға жасалып отырған қамқорлықтардың барлығы Президентiмiз Н.Назарбаевтың көреген саясатының жемiсi екендiгiн атап өттi.

– Бүгiнгi басқосуымызды – «Денi сау ана – денi сау ұрпақ» атауымыздың мәнiн өздерiңiз де түсiнiп отырған шығарсыздар. Ұрпақтың денi сау болып жетiлуi үшiн ең алдымен оны дүниеге әкелер сiздердiң денсаулықтарыңыз мықты болуы керек. Сол мақсатпен биылғы жылы   «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша бiрқатар  жаңа бағдарламаларды қолға алып отырмыз.  Балалар денсаулығын жақсартуда жаңа туған нәрестеден бастап он сегiз жасқа дейiнгi жасөспiрiмдер мен жастар денсаулығына тексеру жүргiзудi де жоспарлап отырмыз.  Осы iс-шара кезiнде әрбiр ата-ана  балаларының денсаулығы үшiн  өз жауапкершiлiктерiн  сезiнсе екен деймiз. Сiздердi келе жатқан мерекелерiңiзбен құттықтаймыз. Отбастарыңыз, бала-шағаларыңыз аман-есен, әр күндерiңiз шуақты болсын, – деп бас дәрiгер өзiнiң жүрекжарды iзгi тiлегiн де жолдады.  Бұдан соңғы әңгiме дастархан басында жалғасып, ақ желеңдi абзал жандардың аналарға деген ыстық сәлемi ән-жырмен жеткiзiлiп,  шағын сый-сияпаттар жасалды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *