ДАМУҒА ЖОЛ АШАДЫ

Қазақстан Президенті 2000 жылдардың басында-ақ, ХХІ ғасырдың ғылым мен технологиядағы жетістіктері мен жаңалықтары қаншалықты орасан болса, халықаралық саясат пен экономикадағы тәуекелдер мен сынақтар да соншалықты қарқынды болатынын айтқан еді. Өркениет тарихын, әлемдік геосаяси, геоэкономикалық үрдістер табиғатын терең білетін, бүгінгі, болашақтағы дүние дамуының жағдайын қапысыз болжайтын көреген саясаткер ретінде Елбасы уақыт тынысын тағы да дөп басты. Жаңа ғасырдың алғашқы онжылдығымен бірге ере келген әлемдік қаржы дағдарысы, халықаралық шиеленістер мен толассыз қақтығыстар, жаппай әлеуметтік тартыстар осыған көзімізді жеткізді. Біздің еліміз онымен қақтығыспады, өз жолымен жүрді.

Мемлекет басшысы әлем үшін де, өз елі үшін де дамудың эволюциялық балама жолдарын ұсынудан танған емес. Оған елімізде барлық алғышарттар жасал­ған. Мемлекет басшысы ұсынып отырған қазіргі ғаламдық жаңартулар мен заманауи өзгерістер шеңберіндегі ұлы мақсат – әлемдік сапа деңгейіндегі жаңа инновация­лық білім кеңістігін құру және жас ұрпақты абсолюттік жалпыадамзаттық құн­ды­лықтар негізінде адамгершілік мұраттарына тәрбиелеу. Осы мақсатта Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарла­масы­ның жаппай қолдауға ие болғанын айта келіп, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажеттігін атап өтті.

«Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды. Алса да, халықтың көкейіне көпке дейін қонбайды. Ендеше өзімізде бар дәулетті жарыққа шығарып, іске жаратуға талпыну керек» деген еді. Кейінгі Жолдау осы мәтінмен сәйкес келеді. Жолдаудың бүкіл мәні мен мазмұны теориялық-практикалық түрде салмақтал­ған жоғары деңгейдегі құжатқа айналаты­ны ақиқат.

Менің назарымды аударғаны – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемде қалыптасып отырған геосаяси жағ­дайға көзқарасы. Бұл жолы да Президент кез-келген жағдайда алдын-ала сараптай алатын, баға бере алатын басшы екенін көрсетті. Себебі, 2007 жылдан бастап, Президент Нұрсұлтан Назарбаев экономи­калық дағдарыстың зардабынан туындай­тын геосаяси трансформациялар жайлы жиі айтып келеді. Себебі, 2008-2009 жыл­дардағы дағдарыстан әлем әлі толық арылып біткен жоқ. Қазір алпауыт елдер арасындағы түсінбестіктен геосаяси жағдай­лардың шиеленісіп кетуі, әлемдік нарықтағы энергоресурстардағы аса жай­сыз конъюнктура, экономикалық өсімнің төмендеуі оның себеп-салдарын толыққан­ды зерттеуді, зерттеу арқылы алдын алуды талап етеді. Дағдарыстың алдын алуда Қазақстанның бай тәжірибесі бар. Жол­дауда дағдарыстың алдын алудың әмбебап тетігі қарастырылған.

Дағдарыстың алдын алудың «Қазақ­стандық жолы» кешегі «Нұрлы жолда» да барынша жалғасын тапты.

Себебі, 2008-2009 жылдарда Ұлттық қор қаржысы ұлттық экономика үшін қауіпсіз­дік факторы ретінде пайдаланылды. Банк­ке, шағын және орта бизнеске ерекше басым­дық берілді. Кейбіреулер «қазақ­стандық қаржы институттарына жұмсал­ған қаржы өзін-өзі ақтамады» деген пікірді де алға тартуы мүмкін. Жолдау кезінде Президент назарынан Қазақстанның инвес­тициялық тартымдылығы тыс қалма­ды. Бұл Ресей үшін де басым бағыт болып табылады. Бұл жолы Қазақстан инфра­құрылымдық жобаға басымдық беріп отыр. Бұл транспорттық-логистикалық, индус­триялық-инфрақұрылымдық жобалар ұлттық экономиканы жаңа жұмыс орын­дарын ашу, аймақтардың дамуын ынталан­дыру арқылы дамуға жол ашады. Мемлекет басшысы ел алдына асқаралы міндет қойып отыр. Оны іске асыру факторы қазірдің өзінде анық көрініп тұр. Елбасы белгілеп берген 30 елдің қатарына ену мақсаты­мызға қол жеткізу үшін осындай қадам жасалғандығын байқауға болады.

Қазір тұрақты, тиімді әрі шұғыл жұмыс істейтін атқарушы билік құрылды десек, қателеспейміз. Бұл да мемлекетімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу жолын­дағы істерімізге жол ашатын жоба деп есептеймін. Әлемнің озық технологиялары­мен танысу, жаңа үлгілерін өзімізге қабыл­дау, сол сияқты өзімізде жаңа жобаларды ұсыну. XXІ ғасырдағы жедел даму үрдісіне терең назар аудару – осының бәрі ел эконо­микасының ең негізгі бағыттарына тың сер­піліс береді. Ал бұл ең біріншіден, халық­тың әлеуметтік жағдайын сауықтан­дыратын бірден-бір фактор.

Қаржылық дағдарыс кезінде жалақы мен зейнетақы көлемін төмендетпеуге қатысты Үкімет пен басқа да тиісті ресми орындарға жүктелген тапсырмаларға қарап отырып, Елбасының бірінші кезекте ел қамын ойлайтындығына көз жеткізе түстік. Ендігі мақсат – «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапа­сын арттыру» Жолдауын басшылыққа ала отырып, Қазақстанның бүгінгі жеткен биігінен төмендемеуіне күш салу.

 

Мұхаммед-Шәріп КЕНЖЕБАЕВ,

 профессор.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *