Cауда павильоны жұмысын бастады

Әсел ДАҒЖАН

    

Аукцион жеңімпазы жаяу жүргіншілер аймағындағы Панфилов көшесінде алғашқы сауда павильонын ашты.

Алматы көшелеріндегі жаяу жүргіншілер аймағына кіретін Панфилов көшесінде алғашқы сауда павильоны жұмыс жасай бастады. Ол аукцион кезінде аталған көшеде сауда жасау иелігін жеңіп алған бес дүңгіршектің біреуі. Қалған төрт павильон алдағы сәуір айының соңына дейін өз жұмыстарын бастамақшы. Жаяу жүргіншілер жолындағы қоғамдық тамақтануға негізделген сауда нүктелері Жібек жолы көшесінен басталып, Қабанбай батыр көшесіне дейін созылған.

– Біздің павильон балмұздақ, сэндвич сатады. Мұндағы тауарлардың бәрі жақын аудандардағы өзіміздің жергілікті ферманың өнімдерінен жасалады. Қажет шикізаттар жақын жерден алынатындықтан, ол тауар бағасының 20 пайызға арзан болуына мүмкіндік тудырды. Мәселен, балмұздақтың бағасы 200 теңге мен 500 теңгенің арасында болса, сэндвичтер 600 теңге мен 1200 теңгеге сатылады, – деді аукцион жеңімпазы.

Сонымен қатар, ол жыл соңына дейін балмұздақ сататын дүңгіршектердің филиалын Қазақстан көлемінде 100-ден асыруды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, жыл басында аукционға қатысу үшін үміткерлерге арналған екі кезеңнен тұратын ашық байқау өткен болатын. Алғашқы кезеңдегі байқауға қатысуға 13 компания өтініш беріп, құжаттары мен павильондардың сыртын дизайнерлік әрлеу бойынша өз ұсыныстарын көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша шағын кофехана, наубайхана және жедел тамақтану орындары жеңімпаз атанды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *