Біздің бүгінгі ұранымыз – өркениет төрінен орын алу

Сұлтан  Жиенбаев,

мемлекет  және  қоғам  қайраткері

 

Елбасы Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назар­баев өзінің «Бола­шаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» ма­қа­ласында хал­қы­мыздың ұлттық санасына түбе­гейлі талдау жасап, қа­зіргі заманның сын-қа­терлерін ескере отырып, оны әрі қарай   да­мы­ту­дың нақты жолдарын  айқын­дап берді.

Мемлекет басшысы  Нұр­сұлтан Назарбаев осы жолы да «Біздің мақсатымыз ай­қын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі дамыған отыз елдің  қатарына қосылу» деп атап өтті. Бұл мақсат экономи­калық жағы­нан болсын, ру­хани бағытта болсын, еліміздің барлық саласы бойынша қарқынды дамуды көздейді. Президенттің Қазақстан халқына  арнаған  Жолдауында айтылғандай, жаңғыру үдерістерінде, ең алдымен, біздің санамыз ісімізден озық жүруі  тиіс екенін түсінуіміз қажет. Біз осы  жағдайда ғана мақсат-мұратымызға жетеміз. Осы жағдайда ғана бүкіл әлем Қазақстанды экономикалық жағынан барынша дамыған мемлекет қана емес, сондай-ақ өзінің қайталанбас мәдениеті мен адамгершілік мұрасы бар рухани бай мемлекет ретінде танитын болады.

Президентіміз «рухани даму – бір күндік емес, күрделі процесс» деп атап өтті. Бұған тәуелсіздігіміздің ширек  ғасырында жүзеге асқан мемлекеттік бағдарламалар  куә бола алады. Олар – Елбасы ерекше екпін беріп отырған «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» атты мемлекеттік бағдарламалар.

Біз қазір еліміздің  жаңа жетістіктерге ұмтылысы қарсаңында, қиын асуларды еңсеру кезеңінде тұрмыз. Ұлттық болмысымыз бен сана-сезімімізді сақтай отырып қана көптеген жетістіктерге жете алатынымыз сөзсіз. Сонда ғана бүкіл әлемнің бізді тарихы бай, мәдениетті, серпінді экономикасы, болашаққа деген биік мақсаты бар бірегей ұлт ретінде мойындайтынына кәміл сенемін.

Осыған орай, Президент Нұрсұлтан Назарбаев жақын арада жүзеге асырылуы тиіс нақты міндеттерді айқындап берді. Ондай міндеттердің қатарында бәсекеге қабілеттілікке талпыныс, іс-шаралар прагматизмі, ұлт бірегейлігін сақтау, жоғары білімділік мәселелерін атауға болады. Рухани жаңғыру жайын негізге ала отырып қана біз болашағы біртұтас ұлт бола аламыз.

Мемлекет басшысының мақаласында нақтыланған тезистер заңды және қазіргі таңда аса қажет бағдарлама. Әлеуметтік жаңарудың басты элементі технологиялық тұрғыда ойлаудың сапалы деңгейіне көтерілуді және заманауи қоғамның талаптарына сай келуді, әлеуметтік және рухани жаңарудың алдыңғы қатарлы әдістемелерін меңгеруді мақсат етумен қатар, ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылықтарға негізделген бай тәжірибені, сондай-ақ, ұлтымыздың басқаларға ұқсамайтын басты ерекшеліктерін сақтап қалуымыз да шарт екендігін естен шығармауға тиіспіз. Сондықтан  болса керек,  Президент:  «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді»,  депті.

Ол үшін ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейте және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, салт-дәстүрлерімізді, тіліміз бен музыкамызды, әдебиетімізді, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі сақтауға тиіспіз. Елбасы айтқандай, Абайдың даналы­ғы, Әуезовтің   сөзуарлығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазы­ның күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні  – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің   шоқтығы биік құндылықтар  жүйесі.

Президентіміздің  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын  барша қазақстандықтар ерекше ықыласпен қабылдады. Туған жеріміздің тұтастығы мен ел болашағының негізін анықтайтын саяси-идеологиялық құжат деңгейінде жазылған бұл еңбекте егемен еліміздің рухани жаңғыруына айрықша мән берілуі тегін емес.

Жаһанданған әлемде өз келбет-кескіні мен ұлттық құндылықтарын сақтап қалатын, бәсекеге қабілетті, белсенді халық қана болашағына зор сеніммен қарай алатынын өмірдің өзі көрсетуде. Елбасы рухани жаңғырусыз экономикалық жетістікке жетіп, өркениет төрінен орын алу мүмкін еместігін дәлелдеп, болашаққа деген бағдарымызды айқындап отыр.

Ал «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оқыту бағдарламаларын балалардың сыни ойлау қабілетін, өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттігін ескерте келіп, ұлтжан­дылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігін атап өтуі Прези­дентіміздің елінің қамын жеп, халқын өрге сүйреуге ұмтылған сарабдал саясат иесі екенін тағы бір танытты.

Елбасының «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ» деген сөзі бүгінде әрбір қазақтың жүрегіне ұялап, ұлттың ұранына айналуы  тиіс. Біздің  бүгінгі  ұранымыз осы  болуы тиіс!

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *