«Biz birgemiz» акциясына өз үлестерін қосты

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының
5 курс курсанттары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асып жатқан «Biz birgemiz» акциясына өз үлестерін қосты.
Қайырымдылық акциясы аясында Алматы қаласындағы көмекке мұқтаж отбасыларға көмек қолын созды. Олар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен киім-кешек жеткізіп берді.
— «Biz birgemiz» акциясы аясында курсанттарымыз әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға қол ұшын созып, қайырымдылық көрсетті. Әскери қызметшілер осылайша нақты іспен көпке үлгі көрсетті», — деді әскери оқу орнының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.
Әскери институт курсанттарының тұрақты түрде қайырымдылық көмек көрсетулері мызғымас дәстүрге айналған. Олар барлық адамдарды айналасына жақсылық жасап, волонтерлікпен айналысуға үндейді және ізгілікпен айналысу әлеуметтік жауапкершілік және азаматтық борышымыз деп біледі.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты қайырымдылық жобаларына тұрақты түрде қатысады. Көпбалалы, аз қамтылған, ауыр сырқаты бар отбасылардан бөлек балалар және қарттар үйінің тәрбиеленшілеріне аянбай көмек көрсетті.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *