Бірыңғай ақпараттандыру жұмысы қолға алынды

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

 

Елбасы өзінің «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» және   «Төртінші  өнер­кәсіптік революция жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдау­ларында ақпараттық жүйелерді бірік­тіру, мобильдік цифрлық қосым­ша­­ларды қолдану, электрондық денсау­­лық паспортын енгізу, қағаз қолдан­байтын ауруханаға көшу арқылы медициналық көмектің қолже­­тімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттілігін атап айтқан болатын.  Елбасының бұл тапсырмасы қазіргі таңда Алматы қаласындағы емдеу мекемелерінде  қызу қолдау тауып, қаланың денсау­лық сақтау салалары  бірыңғай ақпа­рат­тық  жүйеге көшу жұмысын қолға алды. Бұл үшін республикалық бюджет есебінен арнайы қаражат бөлінген  болатын. Алматы қаласының  «Алматы–2020»  даму бағдарлама­сындағы  «Дені сау қала» бағытымен  үндескен бұл игі іс  қала басшысы Бауыржан Байбектің қолдауымен жүзеге асуда. Қаламыз­дағы  денсау­лық сақтау мекемелерін  бірыңғай ақпараттық жүйеге көшіру мақсатында 1 миллиард теңгеге 6 мың  дана компью­тер сатып алынып, емханалар мен  ауруханаларға, емдеу орта­лықтарына  орналастырылуда.  Солар­дың қатарында сандық техно­логия жүйелерін 2006 жылдан бастап өз қызметтерінде тиімді пайдаланып  отырған Алматы қалалық Қан орталы­ғы бар.   Биылғы жылы ғана күрделі жөн­деуден өтіп,  жаңарған Орталық бірыңғай ақпараттық жүйеге көшу жұмысын қаламыздағы емдеу мекеме­лерінің арасында алғашқылардың бірі болып қолға алды. Ол үшін  Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқар­масы Орталыққа 25 дана компьютер берді.  Алматы қалалық Денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы С.Мусиновтың айтуынша, қаламыз­дағы денсаулық сақтау салаларын бірыңғай ақпараттық жүйеге көшіру  осы жылдың қараша айында толық аяқталады деп жоспарлануда.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *