БІРЕУДІ СЫНАМАС БҰРЫН ОНЫҢ АУЫР САЛМАҒЫН ОЙЛАҢЫЗ

Тәкаппарлыққа кімде-кім жармасса – Алла оның жазасын береді дейді.

Алла сақтасын, тәкаппар емеспін деуіңіз мүмкін. Ал біреудің іс-әрекетіне төбеден қарап пікір айту ше? Жоғарыдан сын айту, негатив төгу, мысқылдау, кекетіп-мұқату да осы санатта. Мұның бәрі – өзіңізді тым ақылды, артық сезінуден, яғни тәкаппарлық.

Тәкаппарлық – адамды көрсоқыр етеді. Айналадағы ақиқатты көрсетпей, көзге шел бастырады. Жұрттың бәрі қор, жалғыз өзің данышпан секілденесің. Көптен жиреніп, ақыл айтқанға астамсып, қамқор қылғанды күлкі қыламыз.

Оффлайн өмір болсын, онлайн өмір болсын… Ойы­ңызды тізгіндеп, айтарыңызды бағамдап алғанға жетері жоқ. «Аз сөз алтын» деп ата-бабамыз қалай тура айтқан. Өзгеге сын айтып, сын жазбас бұрын оның өзіңізге келер салдарын көтере аласыз ба, соны ойлаңыз. Аузыңыз жыбырлап, біреуді сөгер кезде де, отыз екі тістен жаман сөз шығармас бұрын, қайта айналып кеп қақ маңдайдан соғатын салмағына төтеп бересіз бе, соны ойлаңыз. Өйткені, бұл өмірде бәрі бумеранг заңымен өзімізге қайтып келеді.

«Қиындықтан көз ашпайтын болдым», «отбасым болса мынау, күйеуім мен енем болса анау» деген сияқты сөздердің аузыңыздан көп шығатынын байқасаңыз – қай жерде астам кеттіңіз, қай тұста асқақ болдыңыз, соны саралаудан бастаған жөн-ау.

(Инстаграмдағы жазбадан).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *