БАСТЫ БАҒДАР – ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ!

Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясында «2019 жылдың  бірінші жартыжылдығында Алматы қаласының  Білім саласындағы бақылау департаментінің білім беру жүйесіне баруына профилактикалық бақылау жүргізу» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға қатысушылар: Алматы қаласы Білім басқармасының  басшысы Гүлнар Ходжа­бергенова, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департа­ментінің қызметкерлері Санат  Әлімжанов, Саят  Балғын­баев, Бекбол Рамазан, сондай-ақ 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында кәсіптік бақылауға  жататын білім беру ұйымдарының басшылары (мектеп директорлары, балабақша меңгеру­шілері, колледж директорлары және қамқор­шылық кеңестерінің төрағалары).

Семинардың мақсаты — профилактикалық бақылау бойынша бақылау және қадағалау субъектілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тексеру барысында бақылау субъектісі  мен  мемлекеттік органның тарапынан сыбайлас жем­қорлыққа жол бермеу. Департамент бас­шысы Г.Ермекбаева   семинар тақырыбындағы мәселе­лер төңірегінде жан-жақты әңгімелеп берді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері С.Әлімжанов пен Б.Рамазан сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаттарымен, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерімен таныс­тырды. Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық­бұзу­шылықтарды айқындау, бұлтартпау шараларын,  құзыреттері шегінде жауаптылыққа тартылу мәселелерін түсіндірді. Аталған тақырып бойынша бейнеролик көрсетілді.

Департамент қызметкерлері профилак­тикалық бақылау бойынша түсінік  жұмыс­тарын  жүргізіп, семинарға қатысушылардың  сұрақтарына жауап берді.

Семинардың қорытындысы негізінде профи­лактикалық бақылау жүргізу және өткізу барысында сыбайлас жемқорлыққа  жол бермеу бойынша келісімге қол қойылды.

 

Алматы қаласының 

Білім саласындағы 

бақылау департаменті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *