«Балабақша аруы» атанды

Рая ЕСКЕНДІР

 

Медеу ауданындағы №112 бөбекжай-балабақша шаңырағында тамаша бір мереке өтті. «Балабақша аруы-2018» деп аталатын байқау көктемнің белгісіндей болып, кере­мет әсерге бөледі. Бөбекжай-бала­бақша меңгерушісі Жазира Бескем­пірқызы өткізіліп отырған байқаудың берері мол екендігін айтып, оның шартымен таныстырды.

Байқауға «Қарлығаш» ортаңғы тобынан Ілияс Жасмин (4 жаста), Альмира Кеңес (4 жаста), «Күн­шуақ» ортаңғы орыс тобынан Томи­рис Айтбаева, «Тұлпар» ересектер тобынан Медина Берікова (6 жасар), Мунира Бағдат (6 жасар), мекте­п­алды сынып орыс тобынан Мәлика Әукенова (6 жасар) және Силин Несмашная (5 жасар) қатысқан еді.

Алдымен байқау шартына сай таныстыру рәсімі өтіп, кішкентай арулар ізетпен амандасып алды. Келесі кезекте үміткер-арулар «Би өнері – әлемнің рухани елшісі» атты компо­зиция көрсетілді. «Өнерлі өрге жүзер» атты байқау кезеңінде үміт­кер-арулар өздерінің «сегіз қырлы, бір сырлы» екендіктерімен көпші­лікті тәнті етті. Алдымен өнер көрсет­кен Жасмин – гимнастикалық би билесе, Альмира мен Томирис – үнді биін билеп қай­ран қалдырды. Мәлика – заманауи жастар биін, Медина – көңілді күн, Силин орыстың «ұлттық биін, Мунира «Ертегілер» әнін орындады.

«Ас – адамның арқауы» деп аталатын байқау шарты бойынша сайыскерлер әзірлеген тағамдар да әділқазылардың ойынан шықты. Сонымен қатар, кішкентай арулар «Сән үлгісін» көрсетіп те көпшілікті тәнті етті. Байқау барысында бөбек­жай-балабақша бүлдіршіндері де өз өнерлерін көрсетті. Байқауға қазы­лық етіп, арулардың өнерін, тап­қыр­лығын, сөз сөйлеу мәнерін бағалаған. Медеу аудандық білім бөлімінің бас маманы Шынар Сағы­нышқызы, Медеу аудандық әдісте­мелік бөлімінің мүшесі Ғалия Бөр­шібаева, №110 бөбекжай-балабақ­шаның қазақ тілі оқытушысы  Айзат Әшірбекова ризашылық­тарын білдіріп, жоғары баға берді.

Байқау соңында кішкентай арулар аталымдар бойынша мара­патталды. Улияс Жасмин  «Сым­батты ару», Альмира Кеңес «Сүйкім­ді ару», Томирис Айтбаева «Байсалды ару», Силин Несмашная «Өнерлі ару», Мәлика Әукенова «Алғыр ару», Мунира Бағдат «Ше­бер ару» атанып, топ жарды. Келген қонақтар мен ата-аналар балабақша меңгерушісі Жазира Бескемпір­қызы, әдіскер Айдана Сүндетова мен қазақ тілі пәні маманы Гүлмира Әлиеваның бірлесе ұйымдастырған іс-шарасына риза болып тарқасты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *