Бақытжан САҒЫНТАЕВ, қала әкімі: «АЛМАТЫ – ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ҚАЛАСЫ»

Мәншүк БЕКБОСЫН

Бұрнағы күні қалалық әкімдікте «Kazakhstan Urban Conference – 2019» конференциясы өтті. Қала әкімдігі ұйымдастырған форумының пікірталас алаңында қоғамдық қауіпсіздік, қала көлігінің тиімділігі, экология, мегаполистің аумақтық дамуы, коммуналды секторды жақсарту, еңбекпен қамту және басқа да мәселелер талқыланды. Урбан форумның жұмысына стейкхолдерлер, урбанистер, сәулетшілер, экономистер, инвесторлар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Олар «2050 жылы Алматының келбеті қалай өзгереді?», «Үлкен Алматы 5 миллион тұрғыны бар метроаймақ болуға дайын ба?» және басқа да тақырыптарда замануи қалалардың дамуы туралы өз ойларын ортаға салды.

сөз болды. Алқалы жиында «За Реформу МВД» қозғалысының белсендісі  Гүлшат Нұрпейісова, қалалық мобильділік саласының халықаралық сарапшысы Елена Ерзакович, АЭжБУ ректоры Сәуле Сағынтаева, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев және тағы басқалар баяндама жасады.

«Kazakhstan Urban Conference – 2019» конференциясының модераторы болған «Kazakhstan Growth Forum»-ның төрағасы Елдар Абдразақовтың айтуынша, жыл сайын болатын бұл шара – уақыт талабынан туындаған пікірталас алаңы.

Жиында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев мегаполис дамуының түбегейлі жаңа кезеңін бастайтын, қоғам мен сарапшылар талқылауынан өткен «Алматы – 2050» Даму стратегиясының қорытынды нұсқасын ұсынды.

Қаланың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы халыққа қараша айында ұсынылған болатын.  Осы аралықта 400 шақты қала тұрғыны 1000-нан астам ұсыныс айтып, оның 180-ге жуығы құжатқа енгізілді. Жалпы, жоба барлық саланы қамтиды. Атап айтқанда, қаладағы тозған құбырларды 48 пайызға азайту, қоқысты өңдеуді 80 пайызға жеткізу, халықтың 60 пайызын қоғамдық көлікпен тасымалдау секілді нақты жоспарлар бар. Ал, бастысы жолда қауіпсіздікті күшейтіп, қаза табатындар санын нөлге түсіру көзделген.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы – 2050» Даму стратегиясы туралы айта келіп, оның басты үш қағидатқа: жаңа экономикаға, жаңа кеңістік және жаңа коммуникацияларға негізделгенін атап өтті.

— Біз алматылықтардың өмір сүру деңгейінің жоғары болуы – мықты қалалық экономикалық база қалыптасқанда ғана жүзеге асатынына көз жеткіздік. Сондықтан Стратегияда экономикалық дамудың «құрылымдық маневрі» жасалған. Соның аясында біз креативті индустрияның, ақпараттық технологияның, туризмнің үлесін біртіндеп ұлғайтатын боламыз, – деп атап өтті қала әкімі Б.Сағынтаев.

Шаһар басшысы жаңа қалалық кеңістік туралы айтқан кезде Алматының «шетсіз қала» қағидаты бойынша дамитынын да айтты.

— Қала кеңістігін полиорталықтандыруға көшіру біртіндеп жүзеге асатын болады. Өмір сүрудің жоғары сапалы стандарттары болуы тиіс және ол қаланың барлық аудандарында қамтамасыз етіледі. Бұл менің алдыма қойған басты мақсатым, – деді Б.Сағынтаев.

Стратегиядағы міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мерзімді шешуді қажет ететін бірқатар құжаттар қабылданды. Атап айтқанда, 2020 – 2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматының» кешенді жоспары, «Үлкен Алматы» деп аталатын Алматы агломерациясын дамытудың өңіраралық жоспары, «Алматы Бизнес – 2025» бірыңғай өңірлік бағдарлама.

Бұдан өзге, «Алматы – 2025» даму бағдарламасы, қаланы дамытудың шеберлік жоспарының тұжырымдамасы және Алматының жаңа бас жоспары әзірленетін болады. Сонымен қатар, қаланың барлық сегіз ауданында дамудың үш жылдық шеберлік жоспарларын дайындау міндеті тұр.

— Бүгін Стратегияны әзірлеуге және талқылауға қаланың барша жұртшылығы белсенді түрде қатысты деп нық сеніммен айта аламын. Оны дайындауға Алматының сарапшылар қауымдастығы, Іскерлік кеңесі, Қоғамдық кеңесі, қалалық мәслихаттың депутаттар корпусы, бизнес-қоғамдастық, қаланың белсенді азаматтары мен тұрғындары кеңінен тартылды, – деді Б.Сағынтаев.

Сондай-ақ, шаһар башысы Алматыны стратегиялық жоспарлау барысында «тыңдайтын  мемлекет» қағидатының алғаш рет жүзеге асқанын атап өтті.

Айта кету керек, стратегияның толық нұсқасы арнайы сайтта ашық түрде ұсынылды. Мұнда әркім өзінің ұсынысын, пікірін білдірді. Қалалық газеттерде жарияланып, әлеуметтік желілер мен телеарналарда көрсетілді.

Тұрғындардан мыңнан астам ұсыныс түсті. Соның ішінде қалалық мобилділік және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша түскен сауалдар басым (18,2%) түсті. Екінші орында (12%) экология мен көгалдандыру, ауа бассейнін тазарту мәселелерін шешу тұрса, сәулет, құрылыс ТҮКШ бойынша түскен ұсыныстар 10,6 пайызды құрады.

 

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың  конференциясының модераторы Елдар Абдразақовұа берген сұхбатынан үзінді.

 «ЖҮРГІЗУШІ ЕКЕУІМІЗ АЛМАТЫНЫ АРАЛАДЫҚ»

«Алматыға бұған дейін де (студент болдым, жұмыс істедім, өмір сүрдім) келіп жүрдім. Қаланың жағдайы туралы әркез осы мегаполистің тұрғыны ретінде ойлап жүрдім. Енді, міне, қаланың басшысы бола тұра «қала үшін мен не істей аламын» деген ой мазалайды. Барлығын көріп, білу керек. Назардан тыс қалған ештеңе болмауы тиіс. Ол үшін қаланы өзім аралап, қарап шығуым керек деген мақсат қойдым. Сөйтіп, жүргізуші екеуіміз Алматыны араладық. Бұл үрдісті кейін де жалғастырдым. Тұрғындармен кездесе бастадым. Кейін аудан әкімдеріне шығып, ауданда қандай мәселенің барын айтып, көрсетуді тапсырдым. Бірі дұрыс түсінсе, ендігісі тек жақсы жерлермен көз бояғысы келді. Кейбір аудандарды көріп, көңілім түсіп қайтатын. Маған сол жердегі шешілмей жатқан мәселелерді өз көзіммен көру керек болды. Тұрғындар маған сол жағынан жақсы көмектесті. Менің ойымша, әлеуметтік желі ашып, кері байланысты күшейткеніміз дұрыс шешім болды»

 

«МЕНІҢ 10 ЖАСАР НЕМЕРЕМ ДЕ ЭКОЛОГИЯҒА АЛАҢДАУЛЫ»

«Алматыға ұшып келгенде, мұндағы адамдардың неге қызығатынын іздей бастадым.  Бірінші сұрақ – экология. ІT-кеңестің балалары нашар экологияның кесірінен көптеген адамдардың Алматыдан кетіп жатқанын айтты.

«Уақыт болған кезде немерелерімді алып, тауға барамын. Бір күні Шымбұлаққа бардық. Кейін түскі ас ішуге кафеге кірдік. Терезенің қасына отырдық. 10 жастағы немерем бар. Ол терезеге қарап отырған еді.  Кенет «Ата, мұны сақтап қалуың керек», – деді.  «Саған ол не үшін керек?» деп едім, немерем олар бұл туралы мектеп қабырғасында талқылайтындарын айтты.   Демек, 10 жастағы балалар табиғат туралы айтады, ойлайды. Яғни, қоршаған ортаның мәселесі әр алматылық үшін маңызды болу керек. Бұл мәселені барлығымыз бірлесе шешуіміз қажет.

Қалада үйлердің 99 пайызы газбен қамтамасыз етілген. Үш мың үй қалды.  Түрксіб ауданында көбірек. Магистральдар жүргізілді, енді тек қосу қалды. Үш мың үйдің үш жүзі аз қамтылған отбасыларға тиесілі. Бюджет есебінен оларға газ жүргізіп, көмектесеміз. Қалған азаматтарға бөліп төлеу немесе басқа нұсқаларды қарастыратын боламыз. Осылайша біз нашар экология көрсеткіштерінің бірін жоямыз»

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *