Бақылау-касса аппараттары тексерілді

Алматы мемлекеттік кірістер де­партаменті қызметкер­лері шаһар­дағы саябақтар мен бақ­тарда жұмыс істейтін батуттар, әткеншектерге жауапты және түрлі тәттілер сататын кәсіпкерлер жұмы­сын тексерді. Нәтижесінде олардан көптеген заңбұзушылық белгілері табылды.

Атап өтетіні, бұл жолы қала саябақ­тары мен бақтарында кәсіпкерлік іс-әрекеттермен шұғылданатын тұлғалардың салықтық тіркелуі оларда POS-терми­налдар мен бақылау-кассалық машина­ларының бар-жоғы және аппаратармен жұмыс істеу жүйесі тексерілді. Қала­дағы ойын-сауық және сауда орындары­ның көпшілігі Орталық мәдениет және демалыс саябағында, сондай-ақ «Көк­төбе» паркінде орналас­қандықтан, тек­серу жұмыстары тап осылардан басталды. Өйткені, қайткенде де ақша тапсақ деген оймен өз істерін көпшілік жүретін орын­дарда аша берген кәсіпкерлер, шындап келгенде, ондағы демалушы­лардың, әсіресе, балалардың қауіпсіздігі туралы мүлдем ойланбай­тындығын байқатты. Сондықтан да олар түрлі заңбұзушылық әрекеттерге жол берген.

Нәтижесінде тексерудің бірінші күні-ақ салық органында тіркелмеген, яғни са­лығын төлемеген – 6 кәсіпкер, бақы­лау-кассалық машинасыз жұмыс істе­ген – 13 сауда орны, POS-терми­налсыз әрекет еткен – 10 орын анық­талған. Бұл алғашқы тексеру болған соң тексерушілер заң бұзушыларға барлық жіберген кемші­ліктерді өз еріктерімен түзетуді ескертіп, әйтпесе, 15 АЕК (айлық есептік көрсетіш) түрінде әкімшілік жауапкер­шілікке тартылатын­дарын естеріне салып өтті.

Қорыта айтқанда, жақын арада осындай тексерулер қаладағы барлық саябақтар мен бақтарда өтеді екен. Содан да қалалық Мемлекеттік кірістер депар­таменті кәсіпкерлерге заңдылықтарды сақтауды ескертті.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *