«Бөбек» – анасын құттықтады

Рая ЕСКЕНДIР

«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, бiлiм беру және сауықтыру орталығында Халықаралық әйелдер күнiне арналған мерекелiк кеш өттi. Мереке барша аналарымыз бен аруларымызға, сондай-ақ, бүкiл қазақстандық балалардың анасы атанған Сара Алпысқызына арналды.

«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, бiлiм беру және сауықтыру орталығының бас директоры Тiлек Қарымсақов сөз сөйлеп, ақжарма тiлегiн жеткiздi.

Мерекеде «Бөбек» орталығына қарасты гимназия оқушылары мен колледж студенттерi және балабақша бүлдiршiндерi концерттiк бағдарлама ұсынды. Жалпы, «Ана», «Мейiрiмдiлiк», «Көктем», т.б. жанға жылу сыйлайтын iзгiлiктер «бөбектердiң» сүйiктi тақырыбы. Осы бағытта әсем ән шырқалып, би биледi. Қызықты қойылымдар болды. Оқушылар Сара Алпысқызы Назарбаеваға арнап құттықтау хатын жазып, шексiз құрметтерiн бiлдiрдi. Жиынға келген қонақтар балалармен бiрге «Жақсылық пен мейiрiмнiң ортасы» атты сауықтыру жаттығуларын жасады. Мерекелiк көтерiңкi көңiл-күйде болған «Бөбек» орталығының қызметкер қыздарына шоқ-шоқ гүлдер тарту етiлдi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *