Азық-түлiктi дүңгiршектен алудың дүрбелеңi көп

Қазiргi уақытта қаламызда орын алып отырған ең бiр күрделi мәселелердiң бiрi – азық-түлiк сататын дүңгiршектердiң жұмысын тоқтата алмай отырғандығымыз. Азық-түлiк дүңгiршектерiн тексеру барысында «Көтерме және бөлшек сататын азық-түлiк сауда нысандарына қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар» атты №578 санитарлық ережелердi өрескел бұзып, жұмыс жасап жатқандары анықталып жүр. Атап айтқанда, олар заңсыз жұмыс жасауы, суық су, канализация, жылыту жүйелерiне қосылмауы, үй-жайлардың жетiспеушiлiгi, сатушылардың медициналық тексеруден өтпеуi, сатылып жатқан азық-түлiк түрлерiне iлеспе құжаттардың болмауы, тоңазытқыштарда тауарлық көршiлестiктiң сақталмауы, залалсыздандыру ережесiнiң сақталмауы, жұмысшылардың жеке бас гигиенасын сақтауға жағдай жасалмауы. Бiздiң тарапымыздан анықталған кемшiлiктер бойынша дүңгiршектердiң иелерiне хаттама толтырылып, айыппұл салынады және жұмыстарын тоқтату туралы талап-арыз ауданаралық экономикалық сот қарауына жiберiледi.

Азық-түлiк дүңгiршектерiнде аталған талаптардың сақталмауынан халық арасында тағамнан жаппай улану жағдайына және жұқпалы аурулардың тiркелуiне алып келетiнi жиi көрiнiс бруде. Сол себептi аудандық әкiмшiлiк қызметкерлерiмен бiрлесiп аталған дүңгiршектер техниканың көмегiмен алынып тасталуда.

Жамал АЛТАЕВА,

Алатау аудандық МСЭҚ басқармасының тағам нысандарын қадағалау бөлiмiнiң жетекшi маманы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *