АУЛА – ҚАҚПАСЫНАН, ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Ертең ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді

15 мамырда ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР  БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрлік  ата-аналарды жалпыұлттық жиналысқа қатысуға шақырды.

Хабарламада: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ата-аналар балалары оқитын мектепке барып үлгеруі үшін жұмыс берушілерден осы күні қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды» делінген.

Айта кетерлігі, 15 мамыр — Халықаралық отбасы күні. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы оқушылары  бар және қазіргі мектептерді ойлайтын әрбір қазақстандық отбасыға қызықты болуы керек. Жалпыұлттық жиналыс күні ата-аналар мектепке келіп, мектеп басшыларымен, сынып жетекшілерімен және мұғалімдермен кездесіп, өздерін мазалап жүрген сауалдарға байыпты жауап алу мүмкіндігіне ие болады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *