Аудан әкімі театрға шақырды

«Жылылық Жетісудан басталады» деп ақын жырлағандай, Жетісу ауданының қыз-келіншектері де көктемнің керімсал мерекесі – 8 Наурызды зор қуанышпен атап өтті. Аудан әкімі Талғат Разақов биылғы мерекенің тартуы ретінде 800 ана мен қыз-келіншектерді мәдени орындарға шақырды.

Мәселен, ауданның белсенді әйелдері Қазақстан халқы Ассамблеясы румын-молдован орталығының эстрадалық ансамблінің концертін тамашалады. Аудан өміріне белсене атсалысқан 200 әйел Республика сарайында өткен салтанатты концертке шақырту алды.

Сондай-ақ, аудандағы  аналар М.Әуе­зов атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық драма театры мен М.Лер­монтов атындағы орыс драма театрының әртістері сомдаған спек­такльді тамашалады.

Рая ЕСКЕНДІР

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *