Ауған соғысының ардагерлеріне қаржылай көмек

Он жылға созылған Ауған соғысы туралы бәріміз білеміз. Оған 22 мың қазақстандық қатысты.

Жыл сайын Алматы қаласында Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға (оның ішінде Ауған соғысына қатысқандар да бар) қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасынан 50 мың теңге көлеміндегі біржолғы әлеуметтік көмек төленеді. 2018 жылы аталған көмек 4040 адамға берілді. 

Сонымен қатар, Ауғанстандағы соғыс кезінде алған жарақат, жарымжан (контузия), зағип болу, әр түрлі аурудың салдарынан қаза тапқан немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналары мен екінші некеде тұрмайтын жұбайларына 6,5 ай көлемінде ай сайынғы есептік көрсеткішпен 16 412 теңге әлеуметтік көмек көрсетеді, сонымен қатар, жеңілдік бойынша республи­калық бюджеттен арнайы әлеуметтік жәрдемақы 6,19 АЕК (2018 жылы 14 886 теңге, 2019 жылы 15 629 теңге) және соғыс мүгедектеріне 7,55 АЕК (2018 жылы 18 157 теңге, 2019 жылы 19 063 теңге) ай сайын төленеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсету мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санатта­рының тізбесін айқындау үлгі ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, әлеуметтік көмек көрсетудің есте қаларлық күндері мен мерекелері, сондай-ақ, әлеуметтік көмек көрсетудің көп мөлшері жергілікті уәкілетті органдар ұсынысы бойынша  бекітіледі.

Осы ретте, Ауғанстан Демократиялық Республика­сынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспа­рына сәйкес, 100 мың теңге көлемінде азаматтардың келесі санаттарына бірреттік әлеуметтік көмек көрсету жоспар­лануда:

– Ауғанстан аумағында әскери қызметтің қатысу­шылары мәртебесі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектігі бар адамдар мен оларға теңестірілген тұлғалар үшін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 6-бабымен айқындалғандарға;

– Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жәрдемақы және әлеуметтік қорғау туралы» 8-бабымен анықталған мәртебе бойынша Ауғанстанда әскери қызметте болған немесе әскери міндеттерін орындауда ауруға шалдыққандарға, қызметтерін орындау барысында алған жарымжандық, жарақат, зақым алған мүгедек тұлғаларға;

– «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүге­дектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жәрдемақы және әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республи­касының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 8-бабымен анықталған мәртебе бойынша Ауғанстандағы соғыста алған жарақаттану, контузия, жарақат, ауру нәтижесінде қайтыс болған (жоғалған) немесе қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасыларына. 211 оқу орнында Ауған соғысына қатысқан ардагер­лермен кездесулер өткізіліп, ашық сабақтар жүргізілді. Сондай-ақ, қалада жасөс­пірімдер арасында бокстан, футболдан республикалық турнирлер өткізілсе, таэквонда бойынша халықаралық жарыс ұйымдастырылды. Аталған спорттық іс-шараға 25 мыңдай мектеп оқушысы мен ЖОО студенттері қатысты.

Үстіміздегі жылдың 15 ақпанынан күні бүгінге дейін «Ауғанстаннан әскердің шығарылуының 30 жылдығы» меда­лін табыстау қаланың барлық ауданында жүзеге асырылуда.

Бахыт ӘБІЛДИНА,

Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының

бақыт және ұзақ өмір сүру бөлімінің бас маманы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *