Ғасыр жасаған қария

Жетісу ауданының тұрғыны Күлтай Сәдуақасова 100-ге келіп отыр. Сонау 1920 жылдың 25 қаңтарында Шамалғанда дүниеге келген Күлтай Сәдуақасова өмірдің талай бел-белесінен өтті.

Талай тағдырды бастан кешкен Күлтай Сәдуақасова ел басына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек етті.

1941 жылы темір жолда еңбек етсе, 1975 жылға дейін әр түрлі жұмыстарды атқарады. Еңбек ете жүріп, өмірге 7 бала әкелді. Бүгінде Айтбала, Ажар атты қыздары мен Асқар, Айдар атты ұлдарынан өрбіген ұрпақтарының ортасында бақытты ғұмыр кешіп отыр. Күлтай әжейдің еткен еңбегін үкімет те жоғары бағалады. Ғасырмен құрдас әжейдің ендігі арманы еліміздің аспанын бұлт шалмай, бейбіт өмір сүрсе дейді. Біз де ғасырмен құрдас қарияға торқалы тойыңыз құтты болсын дейміз.

Жетісу ауданының әкімі Сәкен Қиқымов

және Жетісу аудандық Ардагерлер кеңесі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *