АРАЙЛЫМ – әлем біріншілігінің жүлдегері

Самбодан жастар арасындағы әлем біріншілігі Грузия астанасы Тбилиси қаласында өтті. Әлемдік додада Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжі өкілі Арайлым Әбенова +75 келі салмақта қола жүлдегер атанды.

Тбилиси кілемінде алматылық студент қыз үш кездесу өткізді. Бірінші кездесуін француз спортшысымен өткізген Арайлым 6:3 есебімен жеңіске жетті. Келесі кездесуінде украиналық палуан қызға есе жіберіп, қола жүлде үшін белдесетін болды. Үшінші орын үшін болған текетіресте Арайлым беларустық спорт­шымен шықты. Тартысты белдесуде Арайлым жеңіске жетті. Осылай АГПК 4-курс студенті Арайлым Әбенова әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Бұл жеңіс барша қазақстан­дық спорттың жеңісі. Әрине, бірінші кезекте осындай әлемдік деңгейде күресуге жағдай жасаған оқу орнының басшылығына, колледж директоры Жанболат Жүніс­әлиевке рахмет. Жанболат Сманұлы өзі де кезінде спортпен, оның ішінде, самбо күресімен айналысқан. Сол себепті де, колледждің спорттық өміріне үлкен көңіл бөлінген. Болашақ педагог қыздардың барлығы дерлік спортпен айналысады. Алматы қаласының қазақ күресі, қыздар күресі құрамасы мүше­лерінің басым бөлігі де біздің қыздар. Мысалы, әлем жүлдегері болып жатқан Арайлым қазақ күресінен екі дүркін Қазақстан чемпионы.

Бүгінгі таңда алып шаһар – Алматыда қазақ күресімен 65 қыз бала айналысып, түрлі жарыс­тарға қатысып жүр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *