Қара шашқа қарағанда сары шаш тез өседі

Ел тұрғындары үшін 24 млрд. теңгеге қосымша дәрілер сатып алынды.

Астанада автобус жолақысын көтеру қоғамдық талқыға шығарылмақшы.

Денсаулық, Қорғаныс министрлігі бюджет қаржысын игермеуден көш бастап тұр.

Тілді жиі бұза беру халықтың өзіне, ойлау жүйесіне тәжірибе жасаумен бірдей, – дейді Р.Сыздықова.

Алматылық келіншек 50 жолаушысы бар трамвайды сүйреп, рекорд орнатты.

Алматы облысында бақташы 56 сиырды ұрлап кеткен.

Сантьягода қар жауды.

ОҚО-да жаңа форматтағы жұмыспен қамту орталығы ашылды.

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

1 шілдеде Астанада ұлттық домбыра күні атап өтіледі.

Елтаңбада «Қазақстан» латынша жазылады.

Астана қаласының биылғы бюджеті 427,3 млрд. теңгеге өсті.

Қалалықтар қолданатын банк карточкасы 3 млн. 779 мыңға жетті.

Жыл басынан бері Алматыда 12,3 мың жұмыссыз­дар мен бос жүргендер жұмысқа тұрды.

Соңғы үш жылда Алматыда 350-ден астам мектепке дейінгі ұйымдар ашылған.

Жезқазған қаласында нан зауыты іске қосылады. Енді нан арзандайтын болады.

Бұдан былай мемлекеттік қызметтердің бар түрі электронды форматқа көшіріледі.

3 мыңнан аса ауылдың шекарасы жоқ.

Киелі жерлерді балаларға мультфильм арқылы таныстырады.

Б.Сағынтаев бюджет қаржысын игере алмаған министрлерге ескерту жасады.

Бюджеттің 58,4 млрд. теңгесі игерілмей қалған.

Елімізде 6425 елді-мекен бар.

Экономиканы кредиттеу төменгі деңгейде қалып отыр.

Қазақстан Орталық Азия елдеріне бензин экспортын ашады.

Елімізде жыл басынан бері 134800 адам жұмысқа орналастырылған.

АҚШ-та әлемдегі керемет суперкомпьютер жасалды.

Адам өмір бойғы білімінің 80 пайызын 7 жастан алады екен. Демек, бала кезден білім беру маңызды.

Дамыған елдерде даулардың 70–90 пайызы сотсыз, өзара бітімгершілікпен аяқталады. Біздің соттарда 2017 жылы 2,6 млн. іс қаралған екен.

Қазір еліміздің өңірлерінде сотсыз татулық орталықтары құрылып жатыр.

Әлем картасында Солтүстік Македония Республикасы пайда болды.

Қырғызстанда бұрынғы президентке жақын адамдарды тұтқындау басталды.

Илья Ильин өзінің спортқа қайтып оралатынын және 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадаға қатысуға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді.

Әр жеңісі үшін Ресей футболшылары 15 мың евро, ал тең түссе 7,5 евро алады.

Жапонияда мысықты сағаттап жалға алуға болатын қонақүй ашылды.

Ресейдің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі М.Топилин адамдардың 150-200 жыл жасауға мүмкіндігі барын айтты.

Неміс зерттеушілерінің жасаған қорытындысына қарағанда, жүрек дертіне ұшырау басқа күндерден гөрі дүйсенбіде көбірек болады екен.

Қара шашқа қарағанда сары шаш тез өседі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *