Алпыс төрт ардагер 250 мың теңгеден біржолғы көмек алды

Биылғы жыл Алматы қаласында Қарттар жылы болып жарияланды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асырып, ардагерлерімізге мейлінше құрмет көрсету болып табылмақ. Осы мақсатты басты бағыт етіп алған Әуезов ауданының әкімдігі мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ауданда тұратын әрбір қарт адамды назардан тыс қалдырмауға тырысады.

Бүгінде Әуезов ауданында 45 350 зей­неткер тұрады. Жуырда ғана аталып өткен Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 250 мың теңгеден, Ұлы  Отан соғысына қатысушылар  мен  мүгедек­теріне  теңес­тірілген 989 адамның  әрқай­сы­сына 50 мың  теңгеден және Ұлы  Отан  соғысында  қай­тыс болған, хабар  ошарсыз кеткен  жауын­герлердің қайталап  некеге  тір­келмеген  жесірлері,  Ауғанстандағы  ұрыс  қимыл­дары кезеңінде  жаралану  мен  контузия  алудың  салдарынан қаза тапқан  әскер­лердің ата-аналары  мен  жесірлері  11  от­ба­сыға 50 мың теңгеден біржолғы әлеу­меттік көмек көрсетілді. Азын-аулақ болса да көрсетілген көмекке ардагерлер алғыстарын айтты.

 

Еркегүл ОРАЗХАН,

Әуезов аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *