Алматының өз «Диснейленді» болады

Құттыбек АЙМАХАН

 

Қазір Алматыны еліміздегі ең озық туристік қалаға айналдыру жолында ауқымды жобалар қолға алынып жа­тыр. Осы іргелі мақсатқа, тіпті, шаһар айналасындағы аумақтар да қосылып отыр. Мәселен, қазіргі таңда қала маңында Боралдай Сақ қорған­дары археологиялық паркін, «Қазақ­стандық Дислейлендті» өркендету жобалары қолға алынып, қала іргесін­де заманауи ірі зообақ  салу жұмысы, әне-міне, басталады деп күтілу үстінде.

Соның ішінде, келер жылдан бастап Алматыдан Қапшағай  қаласы­на қарай 40 шақырым жерде еліміздегі ең бірінші отандық көңіл көтеру саябағы, яғн, алғашқы «Қазақстандық Дислейленд» пайда бола  бастайтын болады. Бұл туралы осы жақында өткен Қазақстанның шет елдермен туризм саласындағы қарым-қатына­сын кеңейту жөніндегі диплома­тика­лық корпус отырысында «Қазақ­Ту­ризм» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев мәлім етті.

Негізі, аталмыш жоба Алматыдан Қапшағайға баратын үлкен жол бойының 40-шақырымында жүзеге асырылады екен. Осы ретте Алматы қаласы іргесінде ірі ойын-сауық паркі кешенін салу еліміздегі туризмді дамытудың бірден-бір мақсатты жобасы болып табылмақ. Сондықтан да оны «ҚазақТуризм» АҚ басшы­лығы «Әрине, егер бұл жоба жүзеге асатын болса, онда ол Алматы өңі­ріндегі туристерді тартатын өзіндік бір ерекше орын болмақ. Олай дей­тінім, ол болашақта тек қазақстандық ғана емес, сонымен қатар шетелдік туристердің де үлкен қызығушылы­ғын туғызатын жаңа туристік ме­кенге айналары даусыз. Сол себепті, бұл жоба ойластыр­ғандай көңілден шығатын болса, онда бұл іргелі жаңа жоба келер жылдан бастап қолға алына бастайды деп ойлаймыз» деп, үлкен үмітпен атап өтті.

Әрине, Алматы маңын және іргелес облыс аумағында мұндай ірі жобалардың көптеп пайда болуы, қысы-жазы біздің шаһарға қарай ағылатын туристер санын арттыра түсетіні анық. Осыған байланысты қаламызда әлі талай ірі жобалар қолға алынатынына сеніміміз зор.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *