Алматылықтар әлемнің жетекші университеттерінің тегін курстарынан өте алады

Алматылықтарға «coursera» платформасында әлемнің жетекші университеттерінің білім беру курстары қолжетімді болды

Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы мен Жұмыспен қамту орталығы Coursera компаниясымен 5000 адамға әлемнің жетекші университеттерінен тегін курстардан өтуге мүмкіндік беретін келісімге қол қойды. Келісімшартқа сәйкес, 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін тіркеліп үлгерген пайдаланушылар 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін білім платформасына тегін кіре алады.
Қазіргі технология дамыған заманда білім алу жолында дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысу үшін міндетті түрде білім ордасына барудың қажеті жоқ. Үйден шықпай-ақ оқуға және білім алуға болатын көптеген сайттар мен сервистер жетерлік. Мұндай қызметтердің ішіндегі ең үлкені және ең беделдісі атанған Coursera — әлемдегі ең жақсы университеттердің онлайн курстарын ұсынатын онлайн-білім беру платформасы. Қазіргі уақытта 48 елден 200-ден астам университет Coursera-ның серіктестері қатарында. Сонымен қатар Coursera IBM, Google және PwC сияқты ірі компаниялармен жұмыс істейді. Осылайша, кез-келген алматылық үйден шықпай -ақ, Stanford University, University of Pennsylvania, Princeton University, University of Michigan, Peking University сияқты алып оқу орындарының өткізетін курстардың студенті атана алады.

COURSERA ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Курстарда тапсырмалар, апта сайынғы тесттер және қорытынды емтихан бар, курс аяқталғаннан кейін тыңдаушы сертификат алады. Курстардың ұзақтығы таңдалған бағдарламаға байланысты 6-дан 10 аптаға дейін созылады.
Онлайн платформаның барлық материалдары бір жерде: сөздік және жаттығулар жиынтығы. Аталған жүйе жаңадан білім алушыларға да, академиялық немесе кәсіби білім деңгейін көтергісі келетіндерге де қажетті курстарды оңай табуға мүмкіндік береді.
ҚАЛАЙ ӨТІНІШ БЕРУ КЕРЕК?
Coursera курстарынан өту үшін Сізге өтінімді almaty.coursera@mail.kz сайтына аты-жөніңіз, қызмет түрі мен электрондық мекенжайыңызды міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.
Әрі қарай, сіздің электрондық мекенжайыңызға шақыру туралы хабарлама келеді. Тіркелгеннен кейін сіз IT, қолданбалы және гуманитарлық ғылымдар, экономика, медицина, менеджмент, маркетинг және тағы басқа бағыттар бойынша сайтта ұсынылған кез-келген курстарды таңдай аласыз.
Өтінімнен кейін сізге жауап 5 күн ішінде келеді. Егер сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізге екі аптадан артық кірмесеңіз, жазылымыңыз жойылады. Алайда, білім алушылар саны 5000 адамнан аспау керек, сондықтан мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *