Алматылықтар қала әкімінің жеке қабылдауында болды

Мегаполистегі барлық аудандарды аралап шығып, тұрғындармен кездескен шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев азаматтарды жеке қабылдай бастады. Бұл күні әкімнің қабылдауына 25 адам келді. Олардың көтерген проблемалары әртүрлі – тұрғын үйдің жоқтығы, жер, коммуналдық және әлеуметтік мәселелер.
Мәселелердің кейбіреулері бірден шешіліп жатты. Қосымша зерттеуді қажет ететін өтініштер де болды. Мәселен мектепке және көшеге ат беру — үкіметтік деңгейдегі комиссия шешімімен ғана іске асатын мәселе.
Әр өтініш бойынша нақтылы жауаптар әзірленеді. Оң шешімін тапқан жағдайда орындалу мерзімі мен жауапты адамдардың аты-жөні көрсетіледі.
Енді азаматтарды жеке қабылдау қала әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы филиалының офисінде тұрақты өтеді. Ал, тұрғындармен «еркін микрофон» форматында кездесу әр тоқсанда бір рет өтетін болады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *