Алматы әкімі Президентке қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғаны туралы баяндады

Бүгін Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев телефонмен сөйлесу барысында Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевқа эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары және COVID-19-бен күрес туралы баяндады.

Б. Сағынтаев коронавирус ауруының төмендегенін, емделіп шыққан науқастар санының өскенін хабарлады. Төсек-орындар және дәрі-дәрмектер қоры жасалды. ПТР диагностикасы зертханаларының қуаттылығы артуда.

Президент Қ.-Ж. Тоқаев ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Карантиндік шараларды сақтаудың маңызы зор, сондықтан азаматтармен белсенді түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *