Алматыда сайлауалды науқанның үгіт-насихат кезеңі басталды

Бүгін Алматы қаласының орталығындағы Арбат алаңындаҚазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдауға арналған«Домбыра party» атты Жастаракциясы болып өтті.

Акция барысында жасталанттыдомбырашылар«Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Би күйі», «Короғлы», «Жайма қоңыр», «Көңіл ашар», «Дайрабай», «Талас», «Әлқисса» атты күйлерін орындап, алматылықтарға өнер көрсетті.

Оларды қолдауға Алматы қалалық штабының жетекшісі Рахман Алшанов бастаған жедел үгіт тобының, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жастар ұйымдарының мүшелері, «Jas Otan» жастан қанатының белсенділері қатысты. Шара аясында «Jas Otan» жастар қанатының 50-ден астам өкілі жұртшылыққа Кандидат жайлы ақпарат қағаздарын таратты.

Акцияны қолдаушы жастар бір мезгілде «ТОҚАЕВ» деген жазуды өрнектеп, жазудың тұсына «✓» белгісін көрсетіп,бірнеше қатарға тұрды және Кандидаттың есімін хормен айтып, алаңды жаңғырықтырды. Бұл көріністің барлығы квадракоптерге түсіріліп, әлеуметтік желілерге орналастырылды.

Сонымен қатар, бүгін Республикалық «Есіктен есікке» акциясы басталды. Штаб мүшелері 200-ден аса адамның үйлеріне барып, жекелеген өтініштерін тыңдап қайтты.

Қазіргі таңда жұрт көп шоғырланған орындарға, магистральді   көшелер   бойынабилбордтар мен 10 мыңнан аса үгіт-насихат материалдары орналастырылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *