Алматыда COVID-19-дан 3 науқас емделіп шықты

Мәншүк БЕКБОСЫН
Бүгін Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 121 расталған жағдайы тіркелді. Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда екі жаңа оқиғаның тіркелгені туралы хабарлады.
1997 жылы туылған алғашқы науқас 27 наурызда Санкт-Петербург –Алматы рейсімен ұшып келді. Келген бойда ол карантинге жатқызылып, инфекцияға талдау алынды. Бірінші талдау теріс нәтиже берді.
Алайда рейсте қасында отырған жолаушыда тест оң нәтиже көрсеткендіктен, ол 14 күндік карантинге жатқызылды. 8-ші күні карантинге қайта талдау жүргізіліп, нәтиже оң болды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, аурудың ағымы жеңіл ретінде бағалануда.
Екінші адам бұрын анықталған науқастармен байланыста болған 57 жастағы әйел. Жағдайы қанағаттанарлық.
Қазіргі уақытта Алматыдағы инфекциялық стационарда КВИ-мен (1 облыстық) 96 науқас, оның ішінде 4 бала бар. 72 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жағдайы – өте ауыр, 4 – ауыр, 18 ересек адамның жағдайы орташа ауыр (1 облыстық).
Бүгін тағы үш науқас жазылып шықты. Соның ішінде екі әйел 1993 және 1985 жылы туылғандар, біреуі 25 жастағы жігіт. Біріншісі 13 наурызда Берлин – Минск – Алматы чартерлік рейсімен ұшып келсе, екіншісі 23 наурызда Ыстамбұл – Мәскеу рейсімен, үшіншісі 26 наурызда Ыстамбұл – Мәскеу рейсімен ұшып келді.
Бүгінде мегаполисте емделушілер саны 26 адамды құрайды.
9 сәуірдегі жағдай бойынша провизорлық госпитальдарда 301 адам бар, оның ішінде 34-і бала. Карантиндік оқшаулауда 388 азамат (41 бала), үйде – 5217 адам бар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *