Алматы ардагерлері бірреттік жәрдемақыларын алды

Алматы ардагерлері бірреттік жәрдемақыларының алғашқы жартысын, яғни 250 мың теңгесін қолдарына алды. Мемлекет тарапынан беріліп отырған бұл көмекпен 268 Ұлы Отан соғысы ардагері мен мүгедегі қамтылды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Алматыда аталған әлеуметтік жәрдемақы мөлшері биыл 500 мың теңгеге өскен болатын. Ал оның қалған жартысы, яғни 250 мың теңгесі қалалық мәслихаттың шешімі күшіне енген күні ардагерлердің есепшоттарына аударылады.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегіне теңестірілген тұлғаларға, соғыста қаза болған майдангерлердің жесірлеріне берілетін төлемақы мөлшері де көбейді. Сондай-ақ, Ауған соғысында мерт болған әскери қызметкерлердің ата-анасы мен жарына берілетін әлеуметтік жәрдемақы қаражатының көлемі де өсті. Олардың бәрі де бүгінгі таңда 50 мың теңге әлеуметтік жәрдемақыларын алды. Ал қалған 50 мың теңге қаражат мәслихат шешімі күшіне енген күні бірден төлене бастайды.

Жеңіс күніне орай берілген бірреттік әлеуметтік көмекті шаһар бойынша барлығы 4,3 мың адам алды.

 

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТ БАСҚАРМАСЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *