Алматы қаласы Туризм басқармасы

Алматы қаласы Туризм басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Персоналды басқару қызметінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер бала күту демалысынан шыққанға дейін), лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64063 теңгеден  86485 теңгеге дейін, D-О-4 санаты, 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, ортадан кейінгі білім рұқсат етіледі — экономика мен бизнес немесе құқық немесе білім саласында немесе гуманитарлық ғылым немесе қызмет көрсету (туризм) саласында.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді; тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады; аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді; мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді; мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу түрлерін және оларды қолдану тәртібін әзірлейді; мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады; Mіcrosoft Offіce бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:  Қазақ­стан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан — 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мемлекеттік тілді білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйры­ғымен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кон­курс өткізу және конкурстық комиссияны құру Ережесі негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу құжаттары (өкілетті орган белгілеген нысан­дағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысан­дағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәлан­дырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нота­риалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Ден­сау­лық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқық­тық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәлан­дырылған көшірмесі)) қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабар­ландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдары бетінде («Вечерний Ал­маты», «Алматы ақшамы»  газеттері), сонымен қатар, Қазақстан Респуб­ликасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресур­сында www.kyzmet.gov.kz және Алматы қаласы Туризм басқармасы­ның ресми сайтында www.almatytourіsm.kz, соңғы жарияланған  күні­нен бастап 10 жұмыс күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 050001, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі 83 үй, 7 қабат, 707 бөлме.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Алматы қаласы Туризм басқармасында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объектив­тілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралда­рының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Анықтама телефондары: 279-19-86 (ішкі 110)

Эл. мекен-жайы: uturіzm@maіl.ru.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *